Алматыда 1-3 қараша күндері «Мінбер» қоғамдық қорының жетекшісі ф.ғ.к. Есенгүл Кәпқызымен Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының ақпарат және коммуникация бойынша маманы Сергей Карповтың басқаруымен Қазақстандағы журналистика факультеттерінің оқытушыларына арнап дөңгелек үстел және семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Дөңгелек үстелдің ашылуы салтанатында журналистика факультетінің деканы ф.ғ.д. профессор Өмірхан Әбдиманұлы құттықтау сөз сөйледі. Оған ОБСЕ –нің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Эндрю Оффенбахер, ҚР журналистика Академиясының президенті профессор С.Қозыбаев, ЖШС «Қазақ газеттері» президенті Жұмабек Кенжалин т.б. қатысты. Семинар –тренингтің алғашұы күні профессор Ғ.Ибраева, КИМЭП профессоры Джон Купер, «Әділ сөз» ссөз бостандығын қорғау халықаралық қорынан Ғ.Әженова, журналистика факультетінің ғылыми-иновациялықістер және халықаралық байланыс жөнінддегі деканның орынбасары Қ.Мысаева, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі А.Ниязғұловалар бүгінгі журналистік білім берудің жаңа үрдістері туралы баяндамалар жасады. Негізінен осы семинар-тренингтің мақсаты қазіргі заманғы журналистік білім берудің өзекті проблемалары мен мәселелерін талқылау және оның сапасын арттырудың жолдарын іздестіру, өңірлерден шақырылған журналистика факультетінің қазақ бөлімдерінің оқытушыларына жаңа заманғы технологиялар мен инновацияларды білім беру үрдісіне пайдалану жөнінде семинар-тренинг ұйымдастыру, сөйтіп журналистік білім беру үдерісіне аз да болса үлес қосу екендігі туралы мәселер талқыланды.