Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Қазақ университеті» баспа үйі «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесіне қатысты

Шарипа Нуржанова Сәуір 21, 2015 0
«Қазақ университеті» баспа үйі «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесіне қатысты

2015 жылдың 9-11 сәуір аралығында Алматы қаласында «Атакент» ҚЭЫО ҮІІІ халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесі өтті. Қазақстанның мәдени және білім беру саласының басты жаңалығына айналған көрмеге әлемнің 10 елінен жиналған 100-ден астам баспалар қатысты.

Выставка-2Халықаралық көрмеге еліміздің ірі университеттік «Қазақ университеті» баспа үйі де қатысып, келесі іс-шаралар ұйымдастырды:

9 сәуір күні №9А көрме павильонының мәжіліс залында «Қазіргі қоғамдағы неке және отбасы» тақырыбын әлеуметтік, құқықтық, психологиялық тұрғыдан зерттеп, ғылыми еңбектері баспамыздан шыққан М.П. Кабакова, З.Ж. Жаназарова, И.В. Межибовская сынды авторлармен сұхбат өтті. Кездесу көрме қонақтарына, әсіресе, студенттерге аса қызықты болды. Қатысушылар тақырып аясындағы өзекті мәселелерді талқыға салып, отбасы және жанұя туралы өз пікірлерін айтты.

выставка10 сәуір күні көрме аясында «Қазақстан әлемдік баспа үдерісінде: өзекті мәселелері және даму перспективасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш конференцияда «Қазақ университеті» баспа үйінің директоры Асан Алмаз және сапаны бағалау және бақылау менеджері Камшат Мухамедьярова «Қазақ университеті» баспа үйінің мысалында ЖОО кітаптарының сапа мәселелері және шешу жолдары» атты баяндамасын оқыды.

«Қазақ университеті» баспа үйінің стендінде ЖОО арналған оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар ғана емес, сонымен қатар жалпыға мәлім кітаптар да қойылды: жалпы ред. басқ.  Ғ. Мұтанов «Өнегелі өмір» сериялық басылымы, О. Сүлейменов «Сөз коды», Ғ. Мұтанов «Әл-Фараби және қазіргі заман», Ж. Түрікпенұлы «Академик Т.Т. Тәжібаев», М. Сәрсеке «Ноқталанған тарихшы» және «Необузданный историк». Сонымен қатар стендте «Үздік оқу басылымы ҚазҰУ-2014» байқауының жеңімпаз кітаптары қойылды.

выставка-3Көрме қорытындысы бойынша «Қазақ университеті» баспа үйі бірнеше дипломдармен марапатталды: жалпы ред. басқ. академик Ғ. Мұтановтың «Әл-Фараби және қазіргі заман» кітабы «Үздік ғылыми басылым» номинациясында, «Үздік ЖОО басылымы» номинациясында профессор К.А. Дәуітбаева мен аға оқытушы С.М. Шалғымбаеваның «Омыртқасыздар зоологиясы. 1-бөлім»,  доцент Б.Е. Есжанов пен оқытушы Н.С. Сапаргалиеваның «Омыртқасыздар зоологиясы. 2-бөлім» атты кітаптары жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ сыртқы стендте «Қазақ университеті» баспа үйінің фотостудиясы мамандарымен жасалған фотокөрме ұйымдастырылды. Мұнда университет өмірінің маңызды сәттері бейнеленген суреттер қойылды.

Сонымен қатар сыртқы стендте көрермендерге арналған ұтыс ойындары, қайырымдылық акциялар мен қызықты іс-шаралар өткізілді. Журналистика факультетінің студенттері флешмоб ұйымдастырды. Көрме қатысушылары түрлі викториналарға қатысып, ең белсенділері футболка, бас киім, күнделік, күнтізбе және тағы басқа естелік сыйлықтарды ұтып алды.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field