Әлемдік деңгейде қалыптасқан ережелер бойынша, ортақ мәселелерді шешу мақсатында қаржылық шеңберді құру, қаржыны басқару қажеттілігін тудыратын жағдайларға байланысты қаржы менеджменті жүзеге асады. Бұл қаржының обьективті түрде қажеттігінің негізгі дәлелдемесі болып табылады. Қаржылық басқару дегеніміз-арнайы қаржылық ресурстардың дұрыс деңгейде жұмсалуы мен кіріс-шығыс мәселелері, ортақ шеңберде жинақталған қаражат қорының жұмсалу ережелері, арнайы мақсатталған қаражатты қажет арнасына бұру, проценттік мөлшерлемелер арқылы қаражатты теңдей бөлу мәселелерін, қаржы шеңберінің өткені мен болашағын саралап, тиімді шешімдерді пайдалануды іске асыру. Қаржының обьективті қажеттігінің бірнеше себептерін атап өтуге болады.Біріншіден, кез келген жағдайда обьективті тұрғыдан қарағанда, істің бастамасы мен аяқтамасы міндетті түрде қаражат жоспарының негізінде орындалады. Онда жалпы қаражат қоры нақтыланады. Жоспар негізінде қаржылық ресурстарды қамтамасыз ететін серіктестер немесе инвесторларды тарту міндеттеледі. Егерде жоспарда белгіленгендей қаражат ресурстары табылмаса, бұл жұмыстың құрдымға ұшырайтындығын білдіреді. Екіншіден, қандай сала болмасын, денсаулық сақтау, білім, мәдени, әлеуметтік салалар белгілі бір салымдарды қажет етеді. Олардың негізгі фундаментін қаржы қоры құрап тұрады. Бұл салалар мемлекет тарапынан қаржыландырылып отырады. Үшіншіден, мемлекеттік басқару деңгейінде құрылымдық іс-шаралар өз кезегінде жоспарлы түрде қаражат жағынан қамтамасыз етуді қажет етеді. Мемлекет тарапынан басқару, халықты бір шоғырға топтастыру үшін арнайы қаражатты жинақтайтын қор қажет болады. Бұл қаржы қажеттілігі әлеуметтік мәселелердің шешім табуы үшін, экономикалық жағынан дербес қызметтер атқару үшін, прогрессивті жағдайда кең ауқымда жұмыс жасау, даму үшін мүмкіндіктер сипаттамасын қамтиды. Халықты экономикалық жағынан қамтамасыз етіп отыру үшін арнайы айналымдар тізбегі құрылған. Еңбек өнімділігі нәтижесінде мемлекет тарапынан әлеуеметтік жағынан материалдық қолдаулар жасалынса, айналымның қайтарымды бөлігі ретінде салық алынып отырады. Мұндай айналымдар тізбегі елдегі бюджет мәселесінің шешім тауып, тұрақталуы үшін арнайы шешім ретінде қабылданады. Қаржы қажеттілігін обьективті тұрғыдан қарасақ, процестердің орын алуы кезінде қандай да бір туындаған проблемаларға қаржылық жақтан айналымды қажет ету мәселелері ашық көрсетті. Проблемалардың өз деңгейінде күрделенуі басқа бір құрылымдардың пайда болуына өз әсерін тигізді десек болады. Нәтижесінде, валюталық айналым, ақша қорларының жинақтамасы, ақшаны алмастыруға болатын айнымалы төлемдердің қалыптасуына жол ашылды. Прогрессивті түрде қаржылық айналымдардың орын алуы нәтижесінде қаржылық механизмнің іске асуы қаржылық қажеттіліктің шарықтау шегінде көрініс тапты. Мақсатты түрде қаржымен қамтамасыз ету үшін арнайы технологиялар мен басқа елдердегі әдіс-тәсілдер мен тәжірибелер қатар мерзімдік түрде іске қосылып отырады. Нақты нәтижелер шығарылған уақытта өзіміздің принципке сай өзгерістер орнатылады. Мұндай жүйелер қаржы механизмінің орындалуын жеңілдетіп, тиімді тәсілдерді қосады. Қаржылық жүйеде негізгі инструмент қаржы болғандықтан, оны дамыту негізінде жеке немесе топтық үлгіде жинақтамалы қорлар жүйесін де қарастыра алады. Олар дағдарыстық жағдайда келісімшарт бойынша уәделенген мөлшерде қаражатпен қамтамасыз ете алады. Кейбір қиын жағдайда бұл мөлшерлемелердің үстіне алынған қаражаттың проценттік жарнасы қосылатын жағдайларда болады. Қаржылық жүйеде негізгі бағытты кәсіпкерлер, қаржы ресурстарын қажет ететін шаруашылық субьектілері, айналымды жүзеге асыратын негізгі еңбек ресурстары құрайды. Қаржылық жүйені іске асырудағы жоғарғы нәтижені бере алатын, айналымның ісін тездете алатын еңбек өнімділігінің өз деңгейінде жұмыс жасауы болып табылады. Қаржы жүйесінің дамуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олар: белгілі бір айналымдардың жүзеге асуы барысында баға құнының өзгеріске ұшырауы, ақшамен салыстырмалы түрде бағаланатын алтын бағасының өзгеруі, ішкі және сыртқы әлеуметтік-саяси жағдайлардың өзгеруі, тауар айналымы кезінде бағаның өзгеруі, шекаралас мемлекеттер арасында туындайтын мәселелер салдарынан туындайтын қаржылық мәселелер, елдегі қаржы салымшыларының дағдарысқа ұшырауы, ұлттық қорда қаражаттың азаюы, кенеттен туындаған төтенше жағдай кезінде жұмсалған қаражаттың экономикаға әсері, коррупциялық тонаудың көбеюі, банктердің кризистік жағдайға ұшырауы. Қаржылық қозғалыстардың жүйесінде жүзеге асатын процестердің еңбек биржасымен байланысы арқылы қаржылық жүйенің негізгі миссиясы орындалады. Қаржының обьективті қажеттігі қаржының аумағында бірнеше процестердің туындауына өз үлесін қосты. Мұндай қажеттілік тек қана процестерді туындатып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық қатынаста жаңа бір толқынды алып келді. Қандай да бір айналымдарда шоттар тізбегі, тауарлық заттың құны, баға өзгерімін анықтау, тауардың сапасын тексеру, туындауы мүмкін проблемаларды шешу, дағдарыстың жағдайдың орын алғандағы шешілу жолдарын қарастырмайды. Тек қана қаржыға байланысты шешімі табылуы тиіс мәселелерді қарастыруға бағытталады. Қаржының обьективті қажеттігі қоғамдық дамудағы өзгерістерге әсер ететіндігін осылай байқауға болады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешім табуы тікелей түрде қаражатқа байланысты болады. Мұндай проблемаларды шешуде ұлттық қордан ақша бөлінеді және бұл халықтың ұлттық қорға деген сенімін арттыруға өз септігін тигізіп, қоғамдағы рөлін арттырады. Қазіргі таңда елімізде ғана емес, әлемде болып жатқан төтенше жағдай, карантиндік шараларға байланысты көптеген халықтың жұмыстарынан, табыстарынан арылып қалуына байланысты мемлекет тарапынан материалдық тұрғыда көмек көрсетілді және бұл ұлттық қордағы ақшаның азайып қалғандығын айқындайды. Қаржы айналымына жаңа бір жүйені қосу арқылы қаржы жүйесін реттеу қажеттігі туындатуда.
Тұрғанбаева Гүлім