Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Өркениетті қоғам негізі БАҚ арқылы қалыптасады

jurfak Сәуір 9, 2013 0
Өркениетті қоғам негізі БАҚ арқылы қалыптасады

Клара Қабылғазина,

әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

журналистика факультеті, «Баспасөз және электронды БАҚ»

 кафедрасының  ассоц.профессоры

 

 

Қысқа тарихи мерзімде Қазақстан әлемдегі аса қарқынды дамушы  елдер қатарына қосылып отыр. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың да белсенді мүшесіне айналды. Қазіргі қоғамда мемлекетаралық ықпалдастық, әріптестік, достық жағдайлар сипат ала бастады. Осы тұста қоғамдық интеграцияны жүзеге асырудың, ынтымақтастықтың маңызы күн санап артуда. Бұрынғы Кеңес одағы тұсында Қазақстан интеграциялық үрдістерден тыс қалды.Өйткені , жабық жүргізілген саясат республикадан тыс болып жатқан ақпараттарға жол ашпады. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген бір ғана идеологияның әсерінен мемлекет жан-жақты дамудан шет қалды. Кейіннен Кеңес одағы ыдырап, мемлекетіміз тәуелсіздік алған соң барып қана басқа дамыған мемлекеттер өміріне көз тігіп, халқының әлеуметтік жағдайы жоғары болып отырған елдерге зер сала бастадық. Өмірдің, заманның беталысын жіті байқаған Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еуропалық интеграцияға және түркі тілдес елдер қоғамдастығына аса назар аударды.

kaztrkҚазақстан егемендік алған соң ең ауыр қиындықтарға тап болды.Ол- халықтың тұрмысы мен көңіл-күйіне тікелей әсері бар экономика саласында туды. Халықтың тарихи санасында болмаған нарықтық жолға түстік. Экономиканы ырықтандыру, қоғамдық мүлікті жекешелендіру, колхоздар мен совхоздарды тарату процесі басталды. Бағаға шек қойылмай, хаосты жағдайға жетті.Нәтижесінде бұрынғы қалыптасқан шаруашылық жүйесінің 40 пайызына дейін жоғалып кетті.Ауылда да, қалада да халықтың тұрмысы күрт төмендеді, жұмыссыздық жайлады. Әрбір заттың бағасы он-жүз еселеп өсті. Жұмыссыздықтың аяғы қылмыстық әрекеттерге апарды. Өз ішімізде, басқа да елдермен қалыптасқан экономикалық байланыс үзілді, көптеген кәсіпорындар  жұмысын тоқтатты немесе жартылай ғана жұмыс істеуге мәжбүр болды.Мұндай күйге қазақстандықтар неге түсті деген сұрақ туады. Одақ тарау барысында кеңестік идеология құлаған соң ,сол идеологияға негізделген экономика да құлаудың алдында тұрды. Өйткені, Қазақстанда шығатын заттың әр бөлшегі әр жақтан әкелінетін, өнімді шығару үшін бірі болса бірі болмай қалатын жағдайда тұрдық.Экономика саласында жалғыз бізге ғана емес, басқаларға да күйреу қаупі туды.Оған қоса нарық экономикасы бізге жат құбылыс болатын.Оның қыр-сырын білетін мамандар да жоқ еді.Халық қорқа қарады.Және де басымыздан өтіп жатқан тарихи формация да қолайлы болмады.Әлем тарихында капитализмнен социализмге өткен елдердің тәжірибесі бар, ал кері қайтқан, социализмнен капитализмге түскен  ел болған жоқ, ол осы егемендік алған 28 ел еді. Оған әлемдік тәжірибе куә. Бұрында «біз феодализмнен бірден ,капитализмді аттап социализмге өткен елміз» деп біздерді кеңес мектебінде оқытатын еді.Енді тағы сондай келелі өзгерісті бастан кешіріп отырған қазақ халқы да нағыз толерантты халық екенін көрсете білді.

Нарық жолына түсуге бет бұрған елдерге халықаралық ұйымдардың жәрдемі көп көмектесті.Халықаралық валюта қорының, Бүкіләлемдік банктің миссионерлік рөлі ерекше болған еді.Олар Қазақстанның болашағына сеніммен қарады.Ал Қазақстан болса  халықаралық қауымдастыққа өзінің бейбітсүйгіш ел екенін, басқа елдермен ашық әрі өзара  тиімді саяси,экономикалық қатынастарға дайын екендігін,өз елінде ұлтаралық келісім мен ішкі ұлттық бірлігін сақтай білетіндігін,демократиялық даму жолының туын берік ұстаған, әлем қорындағы парасат пен құндылықтарды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамытуға ат салысатын ел екендігін көрсете білді.Әсіресе, Қазақстан ашық демократиялық  қоғам құрып жатқан ел бола білгендігіне олардың көзін жеткізе алды.Соның арқасында тәуелсіздік жылдарында елімізге 120 млрд.доллардан астам инвестиция келген екен.ТМД елдері бойынша бұл ең үлкен көрсеткіш екендігін бұқаралық ақпарат құралдары жазды.Дербес ел, мемлекет,халық болып, әлем елдерінің көшінің соңында жүре бермей, қайта сол елдермен терезесі тең ел болу үшін Ел басшысының әр жылғы халыққа жолдауы арналды.Соның нәтижесінде ,ел бірлігінің арқасында 170 тен астам мемлекеттермен экономикалық, мәдени, рухани байланыстар орнады. Осы тұрғыда аса маңыз беретін  мәселе –түркі тілдес халықтардың интеграциясына  жол ашылды.

Түбі бір түркі ағайындар қай кезеңде  де ағайыншылықтарын жоғалтқан емес.  Сол пікірге  куә бір оқиғаны еске алудың реті келгендей. Түріктердің тамаша демалыс орындарының бірі-Бодрумда демалудың сәті түсті. Туыстас елдің тұрмыс –тіршілігіне еуродәстүр  мысқалдап ене бастағандай. Есіктен кіргеннен ағылшынша қарсы алып, басқа бір әлемге  енгізіп  жібергендей болды. Алайда, келген қонақтарға ілтипат қолыңдағы жүгіңді ала салғаннан бастап жүріп береді. Тамаша бөлмелер, кіршіксіз тазалық, жайылып жастық, иіліп төсек болып тұрған қызметшілер. Емін-еркін әрі мол дастархан  мәзірі. Осындай қонақжайлылықтан кейін адами құқықтарды алаңсыз пайдаланып, құрметті сезіндік. Осындай сәтке бой үйренген соң, әңгіме – дүкен құратын орта іздей бастадық. Сөйтіп Бодрум қаласын қыдырыстап жүрген сәтте Германияның Мюнхен қаласында тұратын Әлихан Жаналтайды жұбайымен кездестірдік. Бір-бірімізге  ерулік берісіп, ұзақ әңгімеге жол ашылды. Әлихан әріптес өздерінің бұл өлкеден қалай орын тепкені жөнінде әңгімеледі.

Сонау аумалы-төкпелі жылдарда біресе ашаршылық, біресе жұт жайлап, біресе ақтар мен қызылдар  алма-кезек ауысып, халық кімнің дос, кімнің қас  екенін біле алмай дағдарып,  алмағайып өмір сүрген  кездерде Әлиханның ата-бабасы Қытай асып, одан Пәкістан, Индияға  бет алды. Барған жерлерінің бәрінде  бұларды ешкім қабылдауға ниет білдіре қоймайды. Аштық, суық, небір жолда кездескен апаттардан аман қалған азын-аулақ адамдар  енді Түркия мемлекетіне бағыт алады. Осы жерде ғана қазақтарға түбі бір түрік  ағайындар қол ұшын береді. Азып-тозып келген адамдарға қарындарын тойғызуға жәрдем етеді, баспана салуға жер береді, жұмысқа орналасуға көмек жасайды. Сөйтіп тұрып қалған ағайындар осы күнге дейін түрік халқына алғыстарын білдіреді. Әлеуеттеніп алған қазақтар  өздерінің өндіріс орындарын ашып, балаларына білім беріп, күнкөріс көзін жетілдіре бастайды. Әлихан болса балаларына еуропалық білім беру мақсатымен Мюнхенге қоныс аударады. Ол өлкелердің бір ерекшелігі –ауыс-күйіс жасап, көшіп-қонып жүре беруге мүмкіндік жасалған. Ата-аналары Стамбулда, саяжайы Бодрумда, үйі Мюнхенде дегендей. Бұл ежелден тегіне тартып тұратын түркі ағайындардың тарихта, адамдардың санасында қалған бір ғана әрекеттерінің көрінісі.

Кейін қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері сол тарихи байланыс тамыры тереңдей түсті. Экономикалық, саяси, тарихи, мәдени,әдеби тұрғыдан дами түскен қатынас елде жағымды пікір қалыптастырған. Халыққа және оның оңды көзқараста  болуы үшін алдымен оған жасалатын әлеуметтік жағдай екені белгілі. Түріктердің  тауарларына деген сұраныстың халық ішінде арта түсуі де осыған дәлел.Мәдени байланыстар да күннен күнге нығая бастағанына көз жетуде. Бұрындары ресейлік, оңтүстік кореялық фильмдерді тамашалайтындардың дені түріктің хикаяттарына бет бұрған.Олардың өздерінің салт-дәстүрлері, ұлттық ерекшеліктері, әдебиеті, мәдениеті қазіргі ақпараттық, саяси, экономикалық, мәдени батыстық экспансия жүріп жатқан уақытта өз орнын орынды тауып отыр.Тегі бір бауырлардан өткен ғасырда, Кеңес үкіметінің тұсында қол үзіп қалған кездер болған. Соның өзінде бауырластар түбі бір елдің өз азаттығын  аларына сенген екен. «Қазақстан Тәуелсіздік алды!» деген ақпаратты  электронды БАҚ-тан ести салысымен ең алғаш болып құттықтаған да Түркия  мемлекеті болатын. Олардың бұл ерліктерін қалай мақтасақ та, қалай  аспандатсақ та орынды.

 Кеңестік саясаттың тізгінді   тарта  ұстағанының әсерінен біз түрік мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрімен кеңінен таныса  алмадық. Соның өзінде Әзиз Несиннің  бірлі-жарым шығармаларының уыттылығына риза болып, көңілдің түпкіріндегі бір наразылықтарды дөп басқандай болушы еді. Ақын Назым Хикметтің поэзиясын  да шабыттанып оқыды ұлт өкілдері.Соның бірі-Харум Токактың новеллаларын оқи отырып, рухани дағдарысқа ұшыраған Үміт атты қыздың тағдырына, Ісмет есімді жігітттің махаббат хикаясына еріксіз емініп, жанын нұрға бөлейтін сезім құшағында қалады оқырман. Қазіргі кезде  түрік қаламгерлерінің шығармаларын көптеп аударуға бет ала бастағандаймыз. Бұл ретте, басқа елдер қаламгерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің пікірлерімен таныстыруда, әсіресе, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің, ұлттық арналардың маңызды жұмыстар атқарып отырғандары аян.

Түркия мемлекетінің әлеуметтік саясатында да қол жеткізіп отырған көптеген жетістіктері үлгі аларлықтай дәрежеде  дамып отыр. Денсаулық саласының табысты реформалануы, оқу-ағарту ісінің жолға қойылуы, қымбатшылықтың алдын алуы сияқты әрекеттер  Президент Абдолла Гүл мен Үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның ұтымды саясаты болғанымен, оған қолдау жасай білетін санасы жоғары халқы деп танимыз. Егер ел-жұрты қолдамаған болса ол басшылардың саясатын толыққанды жүзеге асыру мүмкін емес. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей елдің  ішінде де санасы таяз, білімсіз, тексіз пенделер бар. Олар бірлік саяси,  тұрақтылық дегенді бұзуға, ірікті салуға, халықтың шырқын кетіруге, әрекетжасап бағады.Өзінің әлемдік шығармасы «Унесенные ветром» деген романды жазған Маргаретт Митчелл өз кейіпкері Рэт Батлердің аузына мынадай сөз салады: «Деньги делаются в двух условиях. Одно-при крушении государства, другое-при создании государства». Яғни, кейбір қаржы үшін соғыс тілеген саясаткерлердің ықпалына түскен тобыр сондай әрекеттерге барады. Ойдан ой туындайды. Ливия мемлекеті  Президенті Каддафидің тағдыры  ойға оралады. Халқын 42 жыл уысында ұстағанымен, оларға жасаған еңбегі ерен екенін ести  оқи отырып, елдің елдігіне  сын болған әректтерден жан түршікті. «Семіздікті қой ғана көтереді» дегендей жағдайлары әбден жақсарған халық тобырлық әрекет көрсетті. Жаңа үйленгендерге 64 мың доллар көмек, жыл сайын әр отбасына мың доллардан жәрдемақы беріп, пәтерақы, энергия-газ т.б. бәрін тегін етіп қойған басшының халқына сіңген еңбегі орасан ғой. Соның бәрін күлін көкке ұшырып, соны жасаған адамның кеудесіне аяғын салып шаттанған, денесін тулақша тартқылаған тобырды тәңірінің жазалайтыны ақиқат болар. Сондықтан да елге дұрыс басшылық жасап отырған адамға қолдау көрсету-тектіліктің, білімділіктің, тәрбиеліліктің нышаны. Түрік халқын сондай даналардың қатарынан көре алып отырғанымыз,  соларға ұқсап бейбіт жолмен мемлекеттік ұстанымдарды қолдап отырғанымыз құптарлық жай.

Түрік мемлекетіндегі инфляцияның төмендеуі, дәрі-дәрмектің арзандауы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, лираның құнсыздануының тоқтауы (1 АҚШ доллары 2 миллион түрік лирасы болған сөйтіп, 1S-1 лира болады, киім-кешек, азық-түлік бағасының өсуі тоқтатылды), туризмнің дамуы, мәдени, рухани, имани көшке бет алуы сияқты көптеген жайлар орынды жолға қойылғаны жайлы БАҚ беттерінен ақпарат алып отырамыз. Осындай оңды өзгерістерге жол ашқан Түркия туризм саласын тиімді дамытып, жылына 25 млд. доллар табыс тауып, осы саладан Еуропада 6-орын, әлемде 15-орынды иелегендері де болашақтарының жарқындығын айғақтамақ.

Әлемге танымал болған Ванга көріпкелдің «Адамдар бастарыңда үй, ауыздарында тамақ болса, дендеріңнің саулықтарынан басқа не ойлау керек. Ақылсыз болмаңдар, адамдар, өмірді қадірлеңдер! Жеті қат жер туласа тек адамшылықты, иманды, адамдар құтқарылмақ» дегені  адамзаттың тірлігінің ең қымбат  екендігін, қайталанбайтындығын айтып отыр деп түсінгеніміз жөн.

Біздің қазақ – текті халық. Сол тектіліктің, парасаттылықтың арқасында саяси тұрақтылық сақталып, толеранттылық көрсетіп отыр халық. Қазақстанда түрік мектептерін ашып, достықты насихаттап жүрген азамат Хаяти Явуздың сұхбатында («Қазақ әдебиеті, № 49,2011).«Жергілікті халыққа, әсіресе, қазақ халқына құрметіміз зор. Себебі, қазақ  халқы өте таза, адал ниетті тіпті, қазақ халқы, қазақ баласы менен де әлдеқайда таза. Өйткені, қазақтың кең пейілділігі, жомарттылығы, болмыс табиғатындағы тазалығы әлем халықтарында кездесе бермейтін қасиет. Әйтпесе, халықтың өз бойында саф тазалығы болмаса 20 жылдың ішінде осындай жетістікке жетуі мүмкін бе? Оның үстіне басшысы пайым-парасаты терең, болашақты, келешекті болжай алатын көреген болса, ондай түзу ниетті халықтың болашағы зор. Егер қазақ сол кеңпейілділігінен ажырамаса, тазалығынан айырылмаса онда  болашағы жарқын боларына сенемін. Біз ең алғаш келген күннен бастап қазақ халқы дастарханын жайып, барын салып қарсы алады. Ещқандай танымайтын адамдар, бірақ өз бауырындай көрді»-деген екен. Бұдан артық қандай баға керек?! Біздің ішіміздегі өзара келіспес дау жасап жүрген кейбір жайларға да олар назар аударыпты. Түркия Эгей университетінің профессоры Явуз Ақпынардың  сұхбатында: («Жас Қазақ», № 14, 2011ж.) « Қазақстанда тіл проблемасы жоқ. Ең басты мәселе рухани азаттықта. Егер әр адам өзін қазақпын деп санаса ол қай тілде қолданыс жасағанымен байланысты емес. Көбінесе тіл мәселесін өздеріңіз ортаға қойып, оны үлкен даулы мәселеге айналдырасыздар. Бұл даурығатын мәселе емес. Қазақстанның болашағы  алда»,-депті. Міне, түбі бір ағайындар осылай ағынан жарылыпты. Яғни, «сырт көз – сыншы» бола тұра мұндай пікірлердің білдірілуі біздің бірігуіміздің, өркениетті қоғам құруымызға жол ашылуының  көрінісі деп тануымыз керек.Осы мысалдар арқылы қазақстандық БАҚ –тың өркениетті қоғам құру жолында атқарып отырған аумақты жұмыстарының нәтижесін көруге болады.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field