Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ғылымды дамыту-заман талабы

jurfak Сәуір 25, 2013 0
Ғылымды дамыту-заман талабы

Бүгінгі студент- келешек маман,бүгінгі жас буын -ертеңгі ғалым. Дәл осы қағиданы қанатына алған әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті студенттер мен жас ғалымдардың  «Ғылым әлемі»  атты  дәстүрлі конференциясының шымылдығын бұл жылы да салтанатпен ашты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің және жастардың ең басты капиталы- сапалы білім»,- дегендей,ұлттық университетет ұлтымыздың білім деңгейін  биік шыңдарға бой түзету үшін,қолдан келгеннің бәрін жасауда.          ҚазҰУ-де өтетін, бұл  дәстүрлі конференцияның негізгі мақасаты мен міндеті:студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына ынталандыру;қазіргі ғылыми мәселерді шешуге жас ғалымдарды тарту;талантты студенттердің қабілетін ашу болып табылады. Яғни,бұл жолы өзекті мәселенің шешімін ғұлама ғалымдар емес,болашақ ғалымдар іздейді. Жас өреннің-жаңа толқын мен жаңа үрдіс әкелетіні сөзсіз. Жалпы,аталмыш конференция ғылымды дамытуға бағытталған алтын көпір іспеттес.

Мен, алғаш рет осы конференцияға қатысып, ерекеше әсерге бөлендім . Айналамдағы құбылыстарға басқа қырынан қарайтын болдым, тіпті,ешқашан да ойламаған, «Ғылым»  атты әлемге мен  де   өлшеусіз үлес қалдыруға ниеттендім. «Ғалымдар, ғылым» деген сөздер маған ауыр,түсініксіз әсер қалдыратын, ал бүгінгі күні ойым мүлде бөлек. Ғылым әлемі , мені өзіне баурап алардай көрінеді.Сол бір белгісіз тұңғиықтың, тың сырларын ашқым келе береді….Бұл жалғыз  менің  ғана  алған әсерім. Ал, халықаралық конференцияға 1300-ден астам студент қатысып, зерттеу жүргізді. Бұл жай ғана сан емес, бұл болашақ мамандардың ғылымға деген ынтасының көрсеткіші. «Ғылым әлемі » атты халықаралық конференция өзекті мәселелердің шешімін тауып, студенттер білім нәрін бойларына сіңіріді. Осы сынды конференциялар, жарқын болашаққа кепіл болмақ. Конференция соңында  Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында үздік жұмыстар марапатталды, сәні мен салтанаты жарасқан  сарайдың шымылдығы осылайша  жабылды. Келешекте кемел жетістіктер әкелетін конференция, келесі жылы да өтетін болады.

Ғылым-мемлекетті дамытатын тұғыр,ол халықтың сарқылмас қазынасы.Қазіргі заман  бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман. Ғылымды дамыту және болашақ ғалымдарды тәрбиелеу де  бүгінгі заман талабының ажырамас бөлігіне  айналмақ.

 

 

Журналистика факультетінің 1-курс студенті,

Айтбай Гүлімжан Әбдірайымқызы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field