Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Қоғаммен байланыс» мамандығының бакалавры мен магистранттарының үздік ғылыми жұмысы байқауы ережесі

jurfak Сәуір 17, 2013 0
«Қоғаммен байланыс» мамандығының бакалавры мен магистранттарының үздік ғылыми жұмысы байқауы ережесі

2013 жылдың 20 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты – таланттарды, креативті және белсенді студенттерді табу.

Байқау міндеттері – «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша ғылыми әлеуметтік, экономикалық және саяси жобаларды дамыту.

Жалпы ережелер

Материалдардың қабылдануы мерзімі – 2013 жылдың 20 сәуіріне дейін.

Байқау нәтижелері 2013 жылдың 3 мамырында шығарылады.

Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы ұйымдастырып, өткізеді.

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар алқасы құрамына ЮНЕСКО өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Ассоциациясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары мен доценттер қатысады.

Негізгі талаптар:

Ғылыми жұмыстар университет студенттерінің ғылыми зерттеулеріне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.

Тақырыптың өзектілігі, жаңалығы және студенттің креативті ойлауы қажет.

Тақырып толық ашылуы тиіс.

Жұмыстың безендірілуі:

Алғашқы бетте – аты-жөні, курсы, факультеті, университет, қала, елі толық, одан кейін жұмыстың тақырыбы және мәтін жазылады. Көлемі – 5-20 бет.

Марапаттау:

Байқау жеңімпаздары сертификаттармен және кафедра профессорларының кітаптарымен марапатталады.

 

Ақпарат үшін:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы Ахметова Ләйла Сейсембекқызы – laila_akhmetjva@mail.ru, 8-701-744-04-75 Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы – nazgul_71@mail.ru, 8-701-993-90-07

 

Кафедра телефоны – 8 (727) 377 -34-43

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field