Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Кәкен Қамзин. Марат Барманқұлов жұлдызы

jurfak Сәуір 10, 2013 0
Кәкен Қамзин. Марат Барманқұлов жұлдызы

                                                                                                  Кәкен Қамзин,

                                                                          филология ғылымдарының докторы, профессор

 

Адам анатомиясы мен физиологиясы ғаламның, жаратылыстың сан түрлі құбылысына бейіл беріп тұрады. Сондықтан шығармашылық тұлға мен ғалым қолынан шыққан бұйымның Жер мен Көктің, саналы қылықтың моделіндей көрінетіні де әдеттегі мәселе. Менің үйдегі кітапханам сөресінде филология ғылымдарының докторы, профессор М.К. Барманқұловтың түркі әлеміне, түркі мәдениетіне арналған үш кітабы тұр. 1996 жылы оқырманға жол тартқан «Тюркская вселенная», 1998 жылы жарық көрген «Золотая баба» еңбектерінде ғалым маған арнап өз қолтаңбасын қалдырыпты. Ал 1999 жылы шыққан «Хрустальные мечты тюрков о квадронации» туындысының мұқабасында «Түркі мемлекеттілігіне 1450 жыл» деген даталық ескерпте оюланған. Батыс және орыс ориенталистері әбден шегелеп кеткен еурокіндіктік ұғымды жоққа шығарар жаңа танымдағы осынау үш еңбекті дүниеге келтірмес бұрын ол тікелей журналистика мәселерімен, оның ішінде баспасөз және телерадио туындыларының жанрлық мәтіндерін қадала қарастырғанын арғы-бергі журналистикатанушылар жақсы біледі. Оның өзінде де зерттеуші жанрдың жанды организміне тарихтың өзі тікелей әсер ететінін қанықтыра көрсете білген. Ғалымның әліптеуіне құлақ қойсақ: «Баспасөздегі оқиғалық хабарлама пішінінің ауысымын ең алдымен объективті себептердің, тарих аяқ алысының туындатқаны аян», – екен. Өткен ғасырдың 1974 жылы айтылған бұл ойдың сұңғылалығына, өрістілігіне бүгінгі күндері және бір көзіңіз жетеді. Көсемсөз жүйесінің логикалық ұйысу құбылысында, олардың қоғам формациясы жетілуіне тетелестіре айтылған бұл тұғырнамалық пікірдің арғы жағында үлкен өзгерістерді аңдау, тарихи үдерістер  жемістері пісіп-жетілуін аңсау тұрғанын аңғару қиын емес. Профессор М.К. Барманқұловтың масс-медиа проблемаларын сөз еткен мұраларының қай-қайсысын қайтара бір парақтай бастасаңыз, ертеңдері де мән-маңызын жоймайтын,  әлі де талай-талай ғылыми ізденістерге азық болатын осындай кесек пайымдауларға тап боласыз. Ол бірде: «Ғылымдар достастығы – уақыт бұйрығы. Мұны бүкіл қазіргі ғылым дамуына тән жаңа жағдайлар ұсынып отыр», – десе, бірде: «ақпаратта ұлттық және ұлтаралық талаптарды және тіпті амбицияларды ескермеуге болмайды», – деген көзқарасын да  бүгіп қалмайды. Оның осы іспеттес идеяларына табан тірей отырып, ұлттық көсемсөз қағидаттарын көш ілгерілетуге, оның ұлттық болмысын ажарландыра түсуге әбден болатындығына біздің де, басқалардың да көздері әбден жетті. Ғалымның өзі де журналистика соқпақтары, ертедегі кітап басу әдістері арқылы байырғы ұлттық арналарды бағамдады, бүкілтүркілік құндылықтар арқылы журналистика әлемінің ашылмаған қиырларына сапар шекті. Әрдайым ой инновациясымен серіктесе жүретін жанның зерттер, үңілер тақырыптарының ауқымды, құшаққа толымды екеніне көзіңіз жетеді – БАҚ-тағы ағымдағы ақпараттан түркі дүниесінің кешегісі, бүгінгісі, болашағына дейін.

15717Айта кету керек, ғалымның өзі де тынбай ізденіп, олқы түсіп жатқан жақтарын шығыстық жәдігерлер арқылы жетілдіріп, зерттеушілік ой өрісін кеңейте түсті. Түркі дүниесінің, Шығыс өркениетінің ояна бастағанын өз қаламдастарынан, тілдес үзеңгілестерінен талай жыл бұрын аңдады. Қоғамдық ғылымға, әсіресе журналистикаға тән ғылыми болжампаздық пен көрегендіктің үлгісін көрсетті. Ол өркениеттер ұласуы, мәдениеттер тоғысуы туралы орнықты байлам, шығыс менталитетіне, қазақ табиғатына жайлы да жағымды ой айта білді. Оқып көрелік. «…В проблеме синтеза мы менее всего хотели бы видеть смешение национальных черт и языков. Синтез – это корона из ярких алмазов духа народов, это радуга достижений их мысли, самой передовой и самой продуктивной. …Отдать свое, чтобы стать во главе всех и наилучшего – вот такой синтез грезился тюркам», – деп ол әріден келе жатқан түркілер көкіріегінде ұялаған арман-мақсатқа өз концептуалдық  пікірінің туыстас екенін анық білдіреді.

Шалымды зерттеуші өз еңбектерінде ертедегі түркі әдебиетін дәуірлеудің соны жолын ұсынады, оның үшін ғалым «кітап» терминінің генезисін түпқазық етіп ала отырып, түркі әдебиетінің даму үдерісін төрт кезеңге бөледі. Біріншісі – руна әліпбиімен жазылған ертедегі түркі ескерткіштері, манихей, соғды (найман), санскрит, тибет, тохар, қытай, парфян, бактрия жазбалары. Бұл жәдігерлердің дені бітікте бәдізделген. Екіншісі – шартты түрде алғанда, соғды-ұйғыр жазбалары. Аталмыш бағзы түркі әдебиеті «құйын», «құйынып», «құйынға»,  «қаниға» сияқты түрлі форматты материалдарда сақталған. Байқап қарасаңыз, қазіргі қазақ тіліндегі «құю», «құйынған» лексемаларынан пәлендей айырмашылығы жоқ. Оның өзі бір есептен кітап басу қолөнерінен де хабардар етіп тұрған жоқ па? Оның үстіне баспагерлер жақсы білетін «книга» терминінің арғы тегі де мен мұндалап тұр. Үшіншісі – түркілердің «китаб» ұғымын ақпараттық және ғылыми айналысқа енгізуі. Төртіншісі – өмірге бүгінгі күнгі «кітап» терминінің дендей енуі.

Профессор М.К. Барманқұлов арғы-бергі бірқатар белгілі зерттеушілер пікіріне сүйене отырып, Шығыс Түркістанда қағаз жасау өндірісі Қытай технологиясымен үзеңгі қағыса дүниеге келген деген қорытындыға келеді. Осы мағлұматын жандандыра түсу үшін бірқатар нақты мысалдар да келтіреді. Мәселен, оның шығыс дүниесіне,  түркі әлеміне арналған еңбегіндегі төмендегі жолдар еріксіз назар аудартады: «Химический анализ хотанской бумаги произвёл в 1902 году проф. Феснер под руководством  Р. Хериле. Они пришли к выводу, что для её изготовления шла механическая измельчённая кора бумажной шёлковицы. Таким же способом изготовлялась кашгарская бумага. В Турфане и Куче бумагу изготовляли как из шелковицы, так и из других кустарниковых пород. Бичурин сообщает об изготовлении бумаги в районе Аксу из хлопка.

Лучшим сортом бумаги, на которой написаны дуньхуанские рукописи, была «бумага из конопли». Этот сорт бумаги изготовлялся до YIII века. Затем стали делать более плотную и грубую неподкрашенную бумагу.

Чтобы приготовить качественную бумагу для письма, ее пропитывали крахмальным клеем, покрывали слоем гипса, полировали. Иногда покрывали рисовой пудрой. Поверхность бумаги становилась ровной. Чернила на ней не расплывались.

imagesДля обеспечения лучшей сохранности бумаги ее обрабатывали соком цветов и плодов небольшого деревца, которое кашгарцы называли тумек. От этого бумага приобретала золотистый оттенок».

Бұл мәселеге кезінде біз де мән бере сөйлегенбіз, өйткені қағаз шығару өнеркәсібі тек экономикалық мақсаттарды, табыс көзін табуды ғана көздемейді, ол баспа ісін, коммуникация тәсілдерін, мәдени қарым-қатынасты, журналистика модельдерін пісіп-жетілдіреді. Осы орайда біз Заһир әд-дин  Мұхаммед Бабырдың жазбаларындағы мына жолдарды алға тартқан едік: «Әлемдегі ең жақсы қағаз Самарқанда жасалады, қағаз диірмендеріне бүкіл су Қаныгүлден келеді. Қаныгүл Сиябақтың жағасында, бұл бұлақты Аб-и-Рахмат деп те атайды».

Әрі ұстаз, әрі ғалым, әрі журналист-практик кезінде «Журналистика академисы» атты оқу орнын да ашқан. Сол жоғарғы оқу орнының әдістемелік, оқу үдерісілік, зерттеушілік бағыты туралы талай жоспарлары да бар еді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бір кафедрада, Журналистика академиясында бірге қызмет атқарып жүрген шақтарда түркітану мәселелері хақында да талай әңгіме қозғалған, Ұлы дала мен Русь қарым-қатынасы жөнінде әртүрлі санаттағы әңгімелер айтылған. Бірде мен ұстаз-әріптесіме «Игорь жорығы туралы жыр» Ф.М, Достоевскийдің «Бесы» романында да аталады, Степан Трофимович Верховенский деген кейіпкер Дарья атты қызға сол шығарма жайында дәріс оқымақшы болады деген едім. Ол рахаттана күлгенде, не болмаса болмашы қобалжығанда басы сәл-пәл қалтырайтын әдетімен маған тіктей қарап алды да:

– Қара да тұр, менің кітабымда сол жорықты зерттеушілердің ешбірі, оның ішінде сенің Достоевскийің де, біздің Олжас та, айта алмаған ойлар айтылады, – деп миығынан күле иығымнан қаққан. Расы солай болып шықты. Оның мына бір пікірлері маған осы күнге дейін әрі тың, әрі әсерлі болып көрінді: «Можно утверждать, что «Слово о полку Игореве» – первый вестерн. С очень невыгодными для патриотов реальными фактами. Ведь князь Игорь, по сути, нарушил слово. В плену его не держали в полной строгости. А просто требовали выкуп. Не Кончак, а князь Игорь напал первым. И  не на ненавистного врага, а на своего друга. С которым вместе не раз хаживал в совместные походы. В том числе и на Киев, откуда едва унес ноги, спасшись вместе с ханом Кончаком в одной лодке. Хан Кончак, несмотря на вероломство Игоря, предоставил князю все мыслимые и немыслимые свободы: свободу передвижения, даже охоту, к слугам князья добавил своих, разрешил выписать священника. Князь Игорь бежал, оставив в плену брата и сына. Хан и брата Игоря Всеволода отпустил. Под честное слово. Тот обещал прислать половцам 200 гривен или 200 пленников-половцев. Это было много меньше прежней цены выкупа. Об этом нет ни строчки в «Слове…» Или автор был сверхпатриотом, опустив все невыгодные факты, или в самом деле им был граф Мусин-Пушкин, который, зная об истинной подоплеке событий, намеренно создал весьма невыгодное в моральном плане произведение».

Қоғамдық ғылымның келешегін, ғылыми ұстанымның тазалығын ойлаған зерттеушінің бұл пікірлері бізге өмірлік сабақ. Өйткені бүгінгі күндері  бимәлім бір авторларға телінген, белгілі бір тарихи оқиғалар атын жамылған «жәдігерлер» мен «мәдени ескерткіштер» ғылыми кеңістікке үсті-үстіне тықпалана бастағаны ұлт үшін де, ғылым үшін де барынша қиянат.

Белгілі фантаст, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Мархабаев – Марат Кәрібайұлымен әзіл-қалжыңы жарасқан жандардың бірі. Ол бірде дәлізде келе жатып:

– Әне, завгар  конторына бас сұқты, – деді. Жалт қарасам, екпіндей басып профессор М.К. Барманқұлов қазіргі PR кафедрасы орын тепкен кабинетке кіріп барады екен. «Завгардың» мәнісін кейін ұқтым: кафедрасына өңшең қыз-келіншектерді жинаған Мәкеңді құрдастары қалжыңдап: «Гарем меңгерушісі», – дейді екен. Ондай лақап ат тегіннен-тегін қойылмайтын сияқты көрінді маған. Нәзік жандарға, қыздарға деген ерекше ықылас-ілтипатын ол күнделікті өмірде ғана емес, өзінің жазған еңбектерінде де жасыра алмайтын. Мәселенки, «Но покажите мне, где в Европе воздвигнуто столько вдохновенных памятников единственной? Есть ли там Тадж-Махал, комплекс дворцов, построенный воздыхателем? Есть ли там Айша-биби, что находится около Джамбула? Возвышается ли стела, воздвигнутая потрясенным Тимуром на месте, где его дочь-принцесса и простой джигит, взявшись за руки, погрузились в степное озеро, когда их стали настигать верные нукеры, чтобы вернуть наследницу в царские чертоги? Есть ли памятник, подобный сооружению Козы-корпеш и Баян-сулу? Сооружен ли Странноприимный дом, названный сейчас Институтом Склифосовского, воздвигнутый князем Юсуповым в память крепостной актрисы, в которую он был без памяти влюблен? А ведь мы перечисляем только те монументы, что связаны с тюрками. С их любовью, с их безграничным горем расставания», – деп қалам тербейтін де аяулы да ардақты Марат Кәрібайұлы Барманқұлов-Таңқин ағамыз.

Тартымды лебіздің де соңғы нүктесі қойылғаны жақсы. Бір сөзбен айтқанда, орыс тілді, қазақ ділді, азаматтық жұлдызы дәйім биіктен жарқырап тұратын М.К. Барманқұлов сынды ғалымның түркі өркениеті мен мәдениетінің алғашқылық, озықтық концепциясын біз кешегі қасаң түсініктен арыла алмай келе жатқан өз әріптестерімізге,  бүгінгі жас ғалымдар мен зерттеушілерге үлгі етер едік.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field