Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Журфак – шығармашылық «реакторы»(Мамандық мадағы)

jurfak Наурыз 26, 2013 1
Журфак – шығармашылық «реакторы»(Мамандық мадағы)

Абдул – Хамид Ф.Мархабаев

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

үздік оқытушысы

 

О баста үңгір қабырғаларына ойып не қырнап салынған бейнелерден басталып, қазірде газет, журнал, кітап беттерінде, радио эфирінде, теледидар шарайнасында таратып жатқан, солар арқылы жоғары төменгі билік иелері де, ғылым білімнің оқымыстыларының да өз ойларын жеткізу тетігі – Оның  Ұлылығы Мәлімет .

IMG_0134

Оның Ұлылығы Мәліметті (бұл жерде ғылыми және нанотехнологиялық деректерді) құрметтей де қадірлей білу, оларды ұсынақты жетілдіре білу әрекетінің үлгісін Шығар Күн Елі көрсетіп беріп отыр. Осыдан тура 90 жыл бұрын екі классик, бірі  – Сұлтан –Махмұт: « Япондар 35-40 жылда ержетіп, Европа халіне кірді. 1895 жылында Қытайды шалқасынан түсірді. 1904 жылда «бөрікпен ұрып жығамыз» деген Руссияны шалқасынан түсірді. Әрине, япондар осы халіне Европаның пісулі астай дайын өнерін (қара әріптермен бөлген А.Х.М.) алумен жалдам жетті», екіншісі – Мұхтар Әуезов: «Бұл – Японияның ғылымға нағыз жұмылған уақыты… Европа не істесе де, соған көз жұмып ере берген жоқ. Әрқайсысының жиып апарған білімін зейінге салып, сынап, өздеріне қолайлы, жақсы дегендерін ғана алатын болды…Бұл туралы өз араларында айтысып жүрген пікірлері: «Сыртымыз басқа жұрттармен тату, сыпайы болсын, іштен тарахиат (өнер – білім) аса бағалы болып, « еркін өссін деген», – деген.

Осы оның Ұлылығы Мәліметтің «бас бұйдасы» журналист, баспагер қаламгерлердің құзырында екенін мойындайтын шығармыз. Мұны мен негізгі мамандығым есебінде айтып отырғаным-рас. Ал, басқа саладағы азаматтардың құлақ қақпай мойындауы некен саяқ екені – шындық. Және ол ойын жұртшылық алдында мойындау – өте сирек ұшырататын, біз үшін  бойтұмардай тұтатын уақиға – өзара сүйінші сұрауға тұрарлық факт.

Сол фактіге Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  журналистика факультетінің ұжымы куәгер болған-ды.  Университеттің ертеректегі ректоры, қазіргі министріміз ең әуелі факультеттерді аралып жүріп, біздің факультетке көбірек көңіл бөлгендей еді. Артынан  журфак деканы, кафедра меңгерушілері, жетекші оқытушылардың басын қосып, әңгіме-дүкен құрған. Сонда «әлқисасын»: « Мен үшін қалған он үш факультет – бір төбе, журналистика факультеті

бір -төбе», – дегеннен бастаған – ды. Мұндай мәлімдеуді атылмыш ұғым бұрын -соңды есіткен емес.

Журналист – бәрінен бұрын күнделікті практикалық тірліктің « шығармашылық реакторы». Рас, олардың ішінде өз бетінше ғылыммен шұғылданып, кандидат , доктор ғылыми атағын иеленгендері, құдайға шүкір, бірсыпыра бар.

Журналистика тәріздес тек қана шығармашылыққа басымдылық беретін жоғары мектеп факультеттеріне түсушілерді басқа нақтылы ғылым салаларын таңдаушылармен «бірге байлап» , тестілеу – қаттырақ айтайын: білместік. Мұндай жағдай тұрақтылыққа айналса – халық  арасындағы өте сирек ұшырасатын, өнерінен үміт күттіретіндердің жолын « тестілеу» деген монстр-әбжыланмен шорт кесіп тынамыз. Мысалы: тестідегі жиырма – математика, жиырма – география сұрақтарына А.С.Пушкиннен әтібірлі жауап күтіп көріңізші!…Сондай-ақ, Нильс Бор  мен Л.П.Капицаға: «Әдебиеттегі жағымды-жағымсыз кейіпкерлер» немесе «Гогольдің «Өлі жандарындағы» лирикалық шегіністер», болмаса «Грамматикадағы құрмалас сөйлемдер ерекшеліктері» деген сұрақтар келсе, Нобель сыйлықтарын иелену былай тұрсын, жоғары мектептердің жел жағынан да жүре алмайтынын көз алдыңызға елестетіңізші….

Міне, осыдан барып творчестволық факультеттерге тек қана шығармашылық бәсеке-конкурс арқылы қабылдау қисынды. Ал, болашақ журналистер бұрындары көлдей-көлдей, көптеген жарияланымдарын қоса ұсынғанда ғана құжаттары қабылданатын. Бүгіндері біздің мерзімді баспасөзінің ажарын келтіріп, беделін өсіріп жүрген журналистер – сол «Оның Ұлы Мәртебесі»  – Тестілеу.Сенің журналист болар-болмасын               (әрине басым көпшілігі бола алмайды) соның құзырында!

Менің бір күдігім –  «мамандарымызға халық аралық стандартқа сәйкес білім берейік» деген ұрандау. Бұл тезис – «жаратылыстану», «нақтылы», тіпті «іргелі» деп аталатын (М.Әуезов оны «дәлшіл» деуді ұсынған-ды) жүрген ғылымдар үшін қажет шығар. Ал, «журналистика» есімді сиқырлы салаға стандарт – залалды рак ісігі. Қатты кетсем, жұрт кешірер. «Жазу, сызу ісі» саналатын бұл қасиетті кәсіпті қандай қалыпқа салып, стандарттай аларсың!? Әр қалам иесі  – өз бетінше бір Әлем, тұтас бір Галактика. Қамшы үйіріп, «стандарт Лефортовосына» тыққыштау, осы бір, ұнамды мағынада «бас білдірмейтін» шығармашылықтың нағыз бұқаралық арнасын «жауырын көргендік».

Былай бағдарлап отырсақ, тестілеу де, 100-ге дейін балл санын өргізіп жіберу де,  жыл сайын журналист – студенттердің өндірістік практикасын бір айға дейін шұнтиту әдісі – сайып келгенде, жоғарыдағылардың «стандарттау» мүдделерінің «диірменіне құятын су!».

Мұның астарында «жаһандану» деген, қазірде еріншектерден басқалардың аузынан түспейтін ұғым болып алды. Тіпті терминге айналғандай. Және бүгінгі күннің тудырған проблемасы деп біледі.Алайда «олай емес» деуге ұлықсат етіңіз. Бұл – адамзат өзінің даму жолында бірте-бірте жоғары плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен кроманьондар мен неондерталь кейпіне енгеннен бастап-ақ билік жүргізу синдромы. Сол жаһандастыруды кейінгі тарихтан белгілі Ескендір Зұлқарнайын – түзу қылыш, темір сауыт- сайманмен, Шыңғысхан – тас ататын зеңбірекпен, Шикльгрубер – «Майн Кампф» және соғыс техникасының ең соңғы табыстарымен өз қол астына бағындыру деп қана қабылдаған-ды.

 Қазірде, бәрімізге аян, қара күш көрсету жаһандандырудың тиімді жолы болмай қалды. Оның «әдеби образын» тамаша ақын Қадыр Мырза Әли: «Қастерлесең дала деген ұлы үйді, //Кеткен ұлға қалай ішің жылиды?// Бәрінің де бөлтірігі бүгінде// Батысыңның әуенімен ұлиды», -деп, жалпы жағдайды сипаттай келе: «Өңір едік жылқылы да түйелі,// Өлең еді тіліміздің тиегі….// Білім қазір сыйыспай жүр тіліммен,// Білім менің – көзге шыққан сүйелім», – деп, тура оқу жүйесінің айғақ келбетін береді.

Осы жерде бір «білгіштер» жаһандастырудың түп-тамыры, басты ындыны – экономика деп есептейді. Тіпті тұрмыстық тыныс-тірлігімізді сол монстр- әбжыланның «тәбетіне» қарай ыңғайластырғанды жөн көреді. Бұл – сөлекет пікір.Жаһандастыру бәрінен бұрын өзіңнің тарихыңды, мәдениетіңді, ғылым-білімнен тұратын эрудицияңды «жұтуды» қалайды. Біздің сорымыз – кейбір идеологтардың  сондай идеяның қолтығына «су бүркуі».

Аспантану терминімен сөйлесек: «жаһандасты – ғарыш әлеміндегі Қара құрдым (черная дыра) аталатын жұлдыз.Ол өзінің «гравитациялық қармағы» жеткен космостағы кез келген денені жұтып алуға қабілетті.Ол,өз бойынан, ең құрымаса бір фотон да жарық шығармайтын «әлемдік магнит». Оның қасында шық бермес Шығайбай жолда қалады!(Әзіл ғой!)…

Басқа бір тақырыпқа бағыштағанымен, әлгі Қадірдің: «Жыртқыш сенің

сұрап жатпас жөніңді,// Жұмыры оның жұмыс icтер өнiмдi…// Өтпейтұғын

тырнақ,// Тұмсық.,// Тісің де// Тасбақаның сауыты бар сенімді”, – дегені де

философ, саясаттанушы   т.б.    осы   төңірегінде     қалам   тербеткендердің

нысанының cypeтін берсе керек. Осыны сөз еткен авторлар көбіне-көп,

табиғаттағы күш бермес цунами тәрізді, саясаттағы көзқарастан сақтандыра

отырып, бip «қарның ашатын» тұсы – соған бейімделуге шақыратын тәрізді

Біздің ойымызша, ақырзаман секілді, түптің түбінде келмей коймайтын нәрсе болса, оньщ «шашбауын көтеру» орнына сол жаһанданушылардың тең дәрежелі 6ip мүшесі eceптi өзіңнің қазына-құндылығыңды үлгі тұттыра білуден басқа тиімді жолы жоқ- Ал, оның панацея-«емі» ғылым, білім негіздері ұлт тарихы, ұлт үрдістері, ұлт мәдениет, ұлт дәстүрінен — жалпы интеллектіден ғана табылады. Оған барар жолда, тіпті 19 жасар К.Сәтбаевтың «Қазақ елінің ана тіліндегі мектептер үшін алгебра оқулығы», 20 жасар М.Жұмабаевтың «Педагогика. Баланы тәрбия қылу жолдары» секілді ақжолтай тұңғыштарды бетке ұстау да – ғанибет.

Мен оку жүйесінен жаһандандырудың кейбір элементтерін байқағандықтан, осы мәселеге тоқтаңқырадым. Оған үстемелете, таяуда өзімізде жарық көрген орыс тілді газеттен қазіргі заман математикасының бip сүлейі – «Шығыстың Нобель сыйлығы» деп те аталатын «Шао прайз» сыйлығының иегері, топология, дифференциал теңдіктер теориясы, механика және математиканың басқа да салаларында зор еңбегі бар академик В.И. Арнольд жөніндегі эсседен: «Үкіметтің күші – халықтың сауатсыздығында. Ол мұны біледі. Сондықтан да әркашан білім беруге қарсы күресіп бағады» деген Толстойдың сөзін жұрттың есіне салудан шаршамайды» [Время. «Задачи Арнольда». – 2008. – 16 казан], – деген жолдарды ұшырастырғанмын. «Бүгіндері АҚШ оқу-ағарту жүйесінде белең алған осындай тенденция сол «қиқар», дана Толстой шалдың осыдан екі гасырдай бұрын айтқаны басымызға түспесін», дедім іштей. Бұл жерде жалғыз-ақ мүдде, тек қана ертеңгі күннің сайгүлік қаламгерлерін дайындаудың  бүгінгі проблемаларын шешу.Қозғалып отырған әңгіме – басты мәселенің беташар-прелюдиясы ғана.

Негізгі шаруаны алдарыңызға жайып салуға мерзімді баспасөздің күнделікті әуені – практикасы мен назария-теориясына тиісінше дәрежеде өзін жетік деп санайтын  журналистика профессорының хақысы бар деп білем.

Олар: – ең әуелі – факультетке «творчестволық» мәртебесін әперу. Сонда оның ерекше оқу-тәжірибиелік жоспары, ешқандай, химия,физика, биология т.б. «көршілерге» жалтақтап, қарағыштамау мүмкіншілігі туар еді.Сонда оқу мерзімін бес жылдық қажеттігі өзінен өзі «шыға келер» еді. Және жазу – сызк шаруашылығы, яғни творчествомен айналысуға еш мұрса бермей отырған магистратуа-магниттің алдамшы «тартылыс күші» мүлдем жойылмақ. Тағы да :дәрісханадағы теориялық сбақтардан кейін жыл  сайын бір сместрді оқу және өндірістік практикаға бөліп, нағыз творчество қазаныңда қайнатып шығаруға жағдай жасар еді…Сонда ғана басқа да үлкенді- кішілі проблемалар оңтайлы шешімін тауып жататынына сенгім келеді….

 

Бір пікір »

  1. Kazpro Сәуір 9, 2013 at 6:56 тд - Жауап

    Өте жақсы жазылған мақала

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field