“Қазіргі полиграфиялық технология” – оқу құралы
Оқу құралында баспа-полиграфия саласында орындалатын негізгі технологиялық үрдістер және арнайы басу әдістері мен санды технологиялар, қолданылатын жабдықтар, дәстүрлі және жаңадан өндіріліп жатқан полиграфиялық материялдар жайлы мәліметтер қамтылған. Оқу құралы баспа ісі және полиграфия мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге және осы сала бойынша дәріс жүргізетін оқытушыларға, сонымен қатар баспа-полиграфия мамандарына арналған.
Жатық тілмен жазылған. Кейбір түсінбей жүрген сұрақтарға жауап алдым. Суреттерді бергені дұрыс екен. Жалпы өз пәнін білетіні көрініп тұр.
Политехта бізге сабақ берген білімді кісі
технологтарға қажетті көп материалдар бар екен. Рахмет
Бұл полиграфистерге ғана емес, баспагерлер үшін де таптырмайтын оқулық
Күні кеше ғана журналистика факультеті, баспа ісі және дизайн кафедрасында осы біздің Бәтіш апайдың тікелей жетекшілігімен “Шуақ” деп аталатын оқу-тәжірибелік жастар журналын шығардық. Ең бастысы, студенттер полиграфиялық өнмінің дайындалу процестерін өздері біліп, таныды.
Бәтіш Омарова апайдың осы кітабын таба алмай жүрген болатынмын. Баспа мен полиграфияның қызметін, саласын, есептеулерін нақты әрі түсінікті жазған.
Ал дәрісін тыңдаған адамның арманы жоқ. Кітапта жазылғандарының бәрін толықтырып, түсіндіріп береді. нағыз супер мұғалім.
Мен Павлодар каласындағы университетте оқимын. Баспа ісі деген пән жүреді. Осы кітап арқылы көр нәрсе үйрендік. Бірақ бізде бір мәселе бар, осы кітаптың өзін кәдімгі кітап түрінде бізге салсаңыздар сатып алар едік, себебі университет бойынша бізде бір ак кітап бар.осы жағы қиындау болып тұр, негізі сондай жақсы кітап екен.