Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Жазушы, публицист, дінтанушы ғалым Сапарәлі Бейбітпен кездесу өтті

Шарипа Нуржанова Наурыз 25, 2015 0

СапаралинЖурналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында үлкен кездесу өтті. Кездесудің басты қонағы ретінде есімі күллі алаш жұртына таныс, белгілі жазушы , ғалым-публицист және дінтанушы – Бейбіт Төлеубайұлы Сапарәлі және Серікқали Құбашұлы Мұқанов.Кездесуге факультет ұжымы мен студенттер ат салысты.Бейбіт Төлеубайұлын «Тұңғыш елбасымыздың балалық шағы »(2011), «Құнанбай қажы»(1995), «Раббымыз бір – күншығыс, күнбатыста »(2002) атты кітап түрінде басылып шыққан туындылары арқылы танымал екендігін білеміз. Кездесудің бас сөзін факультетіміздің деканы С.Медеубекұлы бастап берді. Дәріс «БАҚ және тарихи ақтаңдақ мәселелері » атты тақырыпта өтті. Әрбір елдің ақпараттық кеңістігінде дүйім жұртқа беймәлім «тарихи ақтаңдақтар» бар екенін айтып қонағымыз өз сөзін ары қарай тарқатты. Кездесу шамамен бір сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Бейбіт Төлеубайұлы өзіне артылған дәрісті студенттерге оқып , «мәселенің бүге-шігесіне» дейін талқылап үлгерді. Осы орайда студенттер мен факультет оқытушылар арасында әр-түрлі мәселеге байланысты сұрақтар қойылып, қонағымыздың атынан толықтай жауаптар айтылды. Сұрақтар әр түрлі бағытта болды. Мысалы бірі, Шоқан Уәлихановтың зерттелуі туралы болса, ал екіншісі Тәуелсіздік алған тұстағы еліміздегі діни ахуалдың қай деңгейде болғаны туралы сұралды. Және де қонағымыз ислам дініне қатысты бірнеше зерттеулері туралы өз аузынан айтып берді. Бейбіт ағаны тек «дінтанушы» ретінде ғана емес және «Абайтанушы» онымен бірге жастық шағында Шоқан Уәлихановтың өміріне байланысты зерттеулері туралы да айтып берген болатын. Ал Серікқали Құбашұлы көпшілік біле бермейтін тұңғыш Президенттің өмірінен бірге қызмет еткен жылдардағы естелік әңгімелерін айтып берді. Кездесу көпшіліктің көңілінен шығып, қажетті көлемде ақпарат алды. Жиынның соңына қарай қонағымызға естелік силықтар беріліп, факультет ұжымы атынан алғысымызды білдірдік.

Сапаралин-2

Қонағымыз өзінің қонақ «кәдесі» ретінде, «Тұңғыш елбасымыздың балалық шағы » атты бірнеше кітабын өзінің қолтаңбасымен факультет деканы мен оқытушыларына және студенттерге таратты. Тағы да бір алғысты осы кездесудің басты қаһармандарының бірі, яғни ұйымдастырушысы, ЮНЕСКО кафедрасының оқытушысы-Шәрипа Сыздыққызына да үлкен алғыс айтылды.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field