Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Көшбасшылардың шайқасы

jurfak Мамыр 24, 2013 1
Көшбасшылардың шайқасы

7 мамыр күні елордамыз Астанада еліміздің көшбасшы университеттер арасында Назарбаев Университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында жолдастық кездесуі өтті.

Астана қаласында 7 мамыр күні Назарбаев атындағы халықаралық университетімен ҚазҰУ арасында жолдастық кездесу өтті. Жолдастық кездесудің басты мақсаты ресми қарым қатынас орнатумен қатар, үлкен студенттік футбол лигасын құру.  Жобаның жүзеге асырушылар ҚазҰУ дың журналистика факультетінің қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері: Шенгелбай Дарын, Сахов Асқар, Оразбай Дана. 

Жолдастық кездесу Назарбаев Университетінің заманауи спорт кешенінде өтті. Екі команданың ойынға деген дайындықтары жоғары деңгейі ойын барысында айқын көрінді.

Төреші ысқырғынан бастап 40 минутты тартысты ойын басталды. Көшбасшы командалар өз қақпасына доп жіберіп алмаудың айласын ойлап біраз тартысты, дегенмен қонақтар ойын тізгінің алғашқы сәттен бастап қолға алды. Бірінші болып есепті заң факультетінің студенті Сейтов Руслан ашты. Қонақтар шабуылын тоқтатпады.  Екінші голдың авторы  тағы сол заң факультетінің студенті Омархан Ерасыл есепті еселеді. Өздерің еркін сезінген қонақтар 1 ширектің ортасында есепті 3:0 жеткізді.  3 голдың авторы Барселонадан келген ойыншы Химия факультетінің студенті Визуете Педро Кастро. 1 ширектің қорытындысын испандық футболшы екінші голын соғып, есепті 4:0 жеткізді. 2 ширек басталған сәтте алаң иелері есеп айырмасын қысқартуға көшіп, есеп айырмасын 2 голға қысқартты. Назарбаев университетінің жанкүйерлерінің қуанышында шек болмады, бірақ қуаныштары көпке созылмады. Қарымта шабуылды сәтті қолданған қонақтар, өз еселігің Омархан Ерасылдың арқасында арттырды. Есеп айырмасына қарамастан аландағы ойын шарықтау шегіне жетті. ҚазҰУ дың футболшылары өздерінің шеберлігінің арқасында тағы жауапсыз 3 гол салды. Гол авторлары: Бекауылов Айбек экономика факультеті, Нұрходжаев Абылай география факультеті, Сейсембинов Тимур биография факультеті. Тартысты ойынның соңы алаң иелерінің голымен аяқталды. Тартысты ойынға лауазымды тұлғаларда келді. Назарбаев Университетінің ректоры Шигеу Котсу және Назарбаев Университетінің жоғарғы кеңесінің төрайымы Аслан Саринжипов. Ойынның соңы дәстүрлі доп алмасумен қатар, ойыншыларды құрмет қағазымен марапаттаумен аяқталды. Футболшыларды Аслан ағамыз құттықтап, тартысты ойын сыйлаған үшін алғысын білдірді.

 10

Бұл  Назарбаев Университетінің тарихындағы алғашқы ойын болды. Назарбаев Университеті Алматыдан келген қонақтарды жоғарғы деңгейде күтіп, студентерге ұмытылмас сәтті сыйлады.

Ойынның басты мақсаты мықтыны анықтау емес, Елбасымыздың соңғы жолдауынына байланысты: «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс»дегендей, ұйымдастырушылардың басты мақсаты үлкен студенттік лига құру мен қатар, еліміздің көшбасшы университеттердің арасында яғни ҚазҰУ және НУ ресми қарым-қатынас орнату.

ҚазҰУ дың футболдан құрама командасы:
1. Калмахамбет Несипхан (гео.фак 4курс)
2. Омархан Ерасыл (юр.фак 3 курс)
3. Сеитов Руслан (юр.фак 3 курс)
4. Жаутикбаев Мерей (юр.фак 3курс)
5. Визуете Педро (хим.фак 3 курс)
6. Бекаулов Айбек (ВШЭБ 3 курс)
7. Кукеев Мейржан (МО 3 курс)
8. Нурходжаев Аблай (гео.фак 4 курс)
9. Сейсембинов Тимур (био.фак 4 курс)
10. Куандыков Жансейт (жур.фак 3 курс)

Тренер команды:
11. Андарбаев Олжабек – дене шынықтыру кафедрасынынң доценті.

Ойын барысындағы суреттер:

 10 10 11 12

Алматыдан студенттерді күтіп алу кезі:

 12

Ұйымдастырушылар Шенгелбай Дарын, Сахов Асқар репортаж жасау сәті.

 13

ҚазҰУ-дың футболшылары бапкермен бірге Астанадағы алғашқы қадамдары.

Дарын Шенгелбай

 журналистика факултетінің 3 курс студенті

Бір пікір »

  1. Ахмет Мамыр 26, 2013 at 3:00 тд - Жауап

    Жарайсыңдар ҚазҰУ! Осылай үнемі көсбасшы университет болып жүре беріңдер. Жоба ары қарай жалғасын таба берсін.

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field