Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Жоғары оқу орындарының түлектері арасында өтетін “Жас Дидар” байқауына қатысыңыз

jurfak Мамыр 18, 2013 0
Жоғары оқу орындарының түлектері арасында өтетін “Жас Дидар” байқауына қатысыңыз

«Жетінші арна» журналистика факультетінің және еліміздің өзге де гуманитарлық жоғарғы оқу орындарының түлектері арасында «Жас Дидар» байқауын өткізеді. Байқау ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 1 шілде аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысушы әлеуметтік, экономикалық және қазақстандық студенттердің көкейінде жүрген қоғамда орын алған өзекті тақырыптарда бейнесюжет дайындауы шарт. Мұндай тақырыптарға жататыны: жастардың еңбекпен қамтылуы, салауатты өмір салты, жастар кәсіпкерлігі, біртума тұлға («портреттік» сюжет), ауыл жастарының өзекті мәселелері және т.б. Сюжетке қойылатын басты талаптар:

Объективтілік (тараптар түсініктемесі)

Хронометраж (2 минуттан аспауы шарт)

Автордыңсюжетті өзі дыбыстауы шарт

Міндетті түрдеStandup-а болуы

Түсірілім мен монтаждау міндетті түрде автордың өз күшімен жасалуы керек.

Байқауға қабылданатын жұмыстарды ресми қабылдау аяқталғаннан кейінгі 2 апта аралығында қазылар алқасы қабылданған барлық сюжеттермен танысып, арасынан ең үздік жұмысты анықтайтын болады. Жүзден жүйрік атанған жұмыс авторы еліміздің алдыңғы телеарналарының бірінде машықтанудан өтіп, кейіннен жаңалықтар қызметінің тілшісі ретінде «Жетіншінің» командасына қосылу мүмкіндігін иеленеді. Жүлделі орынға іліккен жұмыс авторларына машықтанудан өту мүмкіндігімен қоса «Жетінші арнаның» арнайы мадақтау сыйлықтары табысталады.

«Жас Дидар» байқауының мақсаты – қазақстандық журналистиканы дамыту, дарынды, креативті, тәуекелге бел буып тәжірибе жасаудан тайынбайтын әрі журналист мамандығын сүйетін өжетті жастарды табу.

Жұмыстарыңызды сандық немесе қандай да бір тасымалдағышта келесі мекен-жайға әкелуіңізге болады: Астана қ., С.Сейфуллин көшесі, 31, «Жас Дидар» белгісін жаза отырып Дана Саудегероваға бағыттау қажет, не болмаса жұмысыңыз жүктелген мекен-жайдың сілтемесін news@tv7.kz мекен-жайына жолдаңыздар. Сұрақтарыңыз болса келесі телефон нөмеріне хабарласыңыз: +7 (7172) 542672.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field