Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Гүлмира Сұлтанбаева. Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі(электронды оқу құралы)

jurfak Мамыр 15, 2013 0
Гүлмира Сұлтанбаева. Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі(электронды оқу құралы)

Саясат – қоғамдық сананың маңызды формасы. Сондықтан да саясат ғылыми-техникалық, көркем, діни, сот-құқықтық, ақпараттық-публицистикалық коммуникациямен байланыса отырып, оны түрлендіреді. Әрине ХХ ғасыр, әсіресе оның екінші жартысында саяси коммуникация өзге де коммуникация түрлерімен, мәселен, діни-танымдық, құқықтық, көркем коммуникация түрлерімен қатар дамыды. Дегенмен саяси коммуникация көне заманнан бері келе жатқан қоғамдық құбылыс екендігі даусыз.
Саяси коммуникация саласын зерттеушілер саясаттың адам қызметінің бір түрі, қоғамдық сананың формасы ретінде коммуникациямен тығыз байланысын атап өтеді. Саясат адам қызметінен тыс өмір сүрмейді. Оның қоғамдық-саяси өмірді жалғастыратын және бағыттайтын тасымалдаушы түрлі әдістері болады. Осылайша саяси коммуникация әлеуметтік-ақпараттық саясат алаңына айналады.
Өркениет дамуының ақпараттық кезеңі адам әрекетінің барлық саласын басқаруда, оның ішінде саясатта да күн тәртібіне түбегейлі жаңа ақпараттық тәсілдердің даму қажеттілігін қоюда.
Сондықтан саясат әлеміне билік үшін күрес-тайталастың әлеміне қазіргі кезде ақпараттық принциптерге сүйенген коммуникациялық сайлау технологиялары белсене енуде.
Саясатты басқару және алға қойылған саяси мақсаттарға өту процестерінде бүгінгі күні танылған менеджерлік, маркетингтік және жарнамалық тәсілдердің өзектілігі – әлеуметтік салаларға ғылыми әдістемелердің араласуымен жүйелі түрде түсіндіріледі.
Сайлаудың оң және теріс нәтижесінің қалыптасу процесінде нақтылы бір сайлау технологияларының ықпалын мүлдем абсолюттендіруге болмайды. Өйткені электоральдық қимыл-әрекеттің себептілігі айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік-психологиялық аспектілермен белгіленген саяси таңдауға байланысты.
Жекелеген кандидаттың имиджі, сайлауалдылық жарнама науқандарының мазмұны және т.б. сияқты рационалды факторлар мен деректердің ықпалы да артып келеді. Ұсынылған кандидаттың ілгері жылжуы мен жеңісіне арналған сайлауалдылық технологияларды қолданудың алғашқы тәжірибелерінің өзі (АҚШ, 60-шы жылдар) көрнекі түрде, алдын-ала болжанған сайлау нәтижелеріне жету мақсатында саяси жарнаманың бүкіл күш-қуатын жаңа ақпараттық технологиялармен үйлестіре қолдана отырып, қоғамдық пікірге өте тиімді ықпал етуге болатынын көрсетті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері саяси өмірде ірі-ірі елішілік, халықаралық деңгейде өзгерістер болды. Елдің саяси, экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік өміріндегі оқиғалар, реформалық өзгерістердің позитивті қарқынмен даму тенденциясы байқалуда. Билік басындағы Үкімет, Президент, Парламент саяси институттары, партиялар, қозғалыстар сияқты саяси жүйелер жүргізіп отырған коммуникативтік әрекеттерінің аспектілері, формалары мен модельдері БАҚ-та көрініс табуда. Саяси ақпараттар мен заңнамалар, реформалар бұқаралық коммуникация құралдары арқылы бұқараға тарауының жаңа тенденциялары байқалуда. Бұған қоғамдағы саяси оқиғалар мен өзгерістерді тек бақылаушы, қабылдаушы ғана емес оған белсенді түрде араласушы, сарапшы ретінде көпшіліктің саяси сауатының артуы дәлел.
1991 жылдан бері Қазақстанда әр түрлі 11 сайлау науқаны мен референдумдар өткізілді. Осы процестердің азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы әсері айтарлықтай болды.
Саяси коммуникация қашан да билік пен бұқара арасындағы ақпарат, келісім, бағдарлаушы көпір ретінде ерекше маңызды болғандықтан курс тақырыбын өзекті деп санауға болады.
Курстың мақсаты:
 саяси коммуникацияның қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі, оның аспектілері мен модельдерін қазақстандық БАҚ мысалы негізінде айқындау;
 саяси коммуникацияның мәні мен мазмұнын, БАҚ-тағы көрінісін, саясат пен коммуникацияның әсер ету жолдарын, оның жалпылай және ерекше қасиеттерін, көпшілікке әсер етудің классикалық және қазіргі заманғы формасын, саяси коммуникациядағы символика мен мифология модельдерін оқыту болып табылады.
Курстың міндеті:
 саяси коммуникацияның символикалық, архетиптік және мифологиялық модельдерін республикалық БАҚ материалдары негізінде сипаттау.
 саяси коммуникация ұғымын түсіндіріп, мәні мен мазмұнын ашу;
 саяси коммуникацияның танымал формаларын түсіндіру;
 саяси коммуникацияның қызметтерін: бағыттары мен мазмұндық сипаттамаларын айқындау;
 саяси коммуникацияның семиотикалық, архетипикалық және мифологиялық сияқты теориялық модельдерін сипаттау;
 ақпараттық қоғамдағы саяси коммуникацияның интернет және демократия, электрондық демократия, электрондық үкімет сияқты перспективалы бағыттарын қарастыру.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field