Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Студенттік өмір

jurfak Ақпан 24, 2013 0
Студенттік өмір

лбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына арнады. Осы мерейлі де мерекелі жылда ұлттық құндылықтарымыз барынша насихатталуын қатаң тапсырды. 2010-шы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (университет көлемінде) салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Адырна» ұлттық-этнографиялық клубы өнер білгірлерімен, ақын-жазушылармен кездесу кештерін ұйымдастырған болатын. Алдағы жылы бұл үрдіс жалғасын тауып, тіпті жұмыс деңгейінің ауқымын кеңейту үшін қолдау табады.

   «Сана» студенттік клубының құрылымы:    

а) Қазақ және орыс тілді бөлім;

ә) Теле және радио бөлімдері;

б) Бірлестікті студенттердің өздері басқару, жетекшісі Наурызалиев Нұрлан            Асқарұлы

в) Ақылдастар алқасы: Көркембай Жәнібек; Дихамбаев Марат; Ажибаева Ботакөз; Сейтхан Амангелді; Абделдаева Айдана; Қожекенов Есдаулет; Даден Айгүл; Шопан Ермұрат; Сағындық Ботакөз; Жақсынбет Бауыржан; Ашикбаева Шаттық.

г) Мүшелер: Октябров Арман; Шағытбаева Айдана; Емберді Байжан;

Алипова Айганым; Алшынбаева Асем; Аябекова Рабиға; Әбдилдаева Жанерке; Дүйсенова Камила; Елшин Жанерке; Жеңіс Нұрдәулет; Шоқан Еркеназ; Ширтиева Айша-бибі; Асқарбаева Айгерим; Ашикбаева Шаттық;

ғ) Ұлттық рух, салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұлттың бөгенайларын дәріптеу және таныту мақсатында «Таным», «Рух», «Өнеге» аталатын айдарлармен тұрақты түрде жұмыстар жүргізу;

д) Жастар ортасында ұлттық құндылықтарды дамытуда, тұлғадан өнеге атты кездесу өткізу.

«Сана» ұлттық-этнографиялық телерадио клубының жүйесі:

1. Апталық жұмыстардың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етуде кафедра зертханасы болған 227 аудиторияны мини-студия ретінде жабдықтау.

2. Ұраны

Түпті білмеу – одан асқан сор болмас,     

Білер болсаң – одан даңғыл жол болмас (Ж.Баласағұн).

3. Мақсат-міндеттерін айқындау.

әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім, ұрпақ үшін қауіпті» депті.

Басты мақсат – жастарды Қазақтың жүйелі тарихымен тамырластырып, халықтық тағылыммен баулу, ұлттық ойлау формасын қалыптастырып, өскелең жастардың өз біліктілігін мүмкіндігінше Отаны үшін жұмсауға бағыттау.

Кеңесшілер:

Филолология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев,

филология ғылымдарының докторы, доцент Кәкен Қамзин.

Үйлестіруші: кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, доцент Г.С.Сұлтанбаева.

Қазақ бөлімінің редакциялық жетекшісі кафедра доценті Ж. Әбдіжәділқызы, кафедра доценті О.Ошанова.

Орыс бөлімінің редакциялық жетекшісі профессор С.Х.Барлыбаева, аға оқытушы М.Х.Арғынбаева.

«Сана» студенттік телерадио клубының жұмыс жоспары 2011 жыл:

1.Қаңтар (студенттерге қысқы демалыс кезі)

2. Ақпан айы:

2.1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өнер зерттеушісі Жарқын Шәкәріммен кездесу өткізу;

2.2. Студенттерді ұлттық орталық мұражайға апару;

2.3. Ұлттық экономика және қазақ қоғамындағы жылқы малының (төрт түлік) маңызы жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастыру;

2.4. Жастар арасында Ұлыстың ұлы күні – Наурызды тойлау жөніндегі жобалар байқауын ұйымдастыру;

3. Наурыз айы:

3.1. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қыз тәрбиесі мен оның қоғамдағы орны жайлы дөңгелек үстел ұйымдастырылады… (Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф, жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтеді.)

3.2. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мейрамына байланысты барлық жоғары оқу орындардың қатысуымен концерт қойылады.

3.3. «Біржан деп атым шықты алты алашқа» атты дәстүрлі ән кешіне ат салысу (Студенттер сарайы).

3.4. Универсиетіміздің барлық факультеттерін қамтитын Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне байланысты концерт қойылады.

4. Сәуір айы:

4.1. Филология ғылымдарының докторы, жазушы Тұрсынбек Кәкішевпен кездесу.

4.2. 13 сәуір – Қозы мен Баян күні. Махаббат тақырыбындағы аңыздарды арқау еткен мерекелік бас қосу.

4.3. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Әбубәкір Қайран мен дәстүрлі әнші Жоламан Құжимановпен кездесу өткізіледі.

     4.4. «Қарға тамырлы қазақ». Осындай тақырыпта ру-шежіре тану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

5. Мамыр айы:

   5.1. Жеңіс күні қарсаңында, қазақ батырларының ерліктері мен қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары туралы рухани кеш өткізу.

   5.2. Этногрфиялық тақырыпты арқау еткен театр қойылымын студенттерге көрсету;

   5.3. Этнографиялық тақырыптағы көркем сурет көрмесін ұйымдастырып, студенттерге өнер мен ата дәстүрдің сабақтастығын үлгі ету мақсат етіледі.

   5.4. Алматы облысында орын тепкен Дәркембай Шоқпарұлы атындағы мұражайға саяхат ұйымдастыру;

6. Маусым айы (жазғы демалыс).

6.1. «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталына студенттерге жергілікті жерлердегі тың тарихи-этнографиялық деректерді пайдалана отырып, мақала жазуға тапсырма беру;

7. Шілде айы (жазғы демалыс).

7.1. «Адырна» клубы әркім өзі туып өскен өлкесінен салт-дәстүрге, шежіреге, ұлтық музыкаға байланысты көне көз қариялар аузынан тың мағлұматтар жинап келу.

8. Тамыз айы (жазғы демалыс).

8.1. «Адырна» клубы әркім өзі туып өскен өлкесінен дәстүрлі әнге байланысты көне көз қариялар аузынан тың мағлұматтар жинап келу.

9. Қыркүйек айы:

9.1. Қазақ күйлері жайлы Мұрагер Сауранбаевпен кездесу өткізу.

9.2. Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты дөңгелек үстел өткізу.

9.3. Қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастырып, студенттерді шеберлермен сұхбаттасуға мүмкіндік жасау.

9.4. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметовпен кездесу өткізу.

10. Қазан айы:

10.1. Тарихшы Талас Омарбековпен кездесу өткізу.

10.2. Музыкатанушы ғалым Жұмагелді Нәжімеденовпен кездесу.

10.3. Ұлттық би өнері тақырыбында «Қара жорға» өнер ұжымымен кездесу өткізу.

10.4. Дәстүр мен дін үйлесімділігі (діни ағымдар жөнінде мағлұмат беріп, адасушылықтың алдын алу) тақырыбында дөңгелек үстел өткізу.

11. Караша айы:

11.1. Ұлттық киім тақырыбына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастыру;

11.2. Түркітанушы Аманқос Мектептегімен кездесу.

11.3. Ұлттық архитектура турасында сәулетші Аманжол Найманбаймен кездесу өткізу.

11.4. Ұлттық ойынға байланысты жиын өткізу.

12. Желтоқсан айы:

 12.1. Ұлттық тағамға байланысты тағамтанушы ғалымдармен дөңгелек үстел өткізу.

12.2. Тәуелсіздік мейрамына байланысты республикалық концерт беру.

12.3. Аспан әлемін зерттеуші ғалым Мыңбай Ысқақовпен кездесу.

12.4. Жыл бойы талқыланған этнографиялық тақырыптар бойынша мақала жазуға тапсырма беру. Үздік мақалаларды қортынды кеште марапаттау.

Журфак жатақханасындағы бейресми кездесуі

4-ақпан күні журналистика факультетінің №5 жатақханасында телевизиялық және радиожурналистика кафедрасының күндері өтті. «Қазіргі таңдағы қазақ киносы» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі доцент Г.С.Сұлтанбаева кіріспе сөзбен ашты, одан әрі қарай бүгінгі күнге дейін түсірілген отандық кинолардан үзінділер ұсынылды және аталған тақырып бойынша талқылау ұйымдастырылды. Журналистика факультетінің 3-курс студенті Сұлтанқұлова Назерке қазіргі таңда эфирден, экраннан көрсетіліп жүрген киноларда ұлттық рухтың жоқ екендігі және «Оскар» сыйлығына ұсынылып жүрген қойылымдардың мазмұны өте таяз және ұлтымыздың намысын қорлауға бағытталғаны туралы өзінің өткір ойларын айтты. 2-курс студенті Кенжебеков Ғалымжан «аузымызды құр шөппен сүрте бермейік» дей келіп, жекелеген студиялардың сәтті кинолар түсіріп жатқандығына мысалдар келтірді.

Шәкірттердің терең мағыналы сұрақтары мен пікірлерінен кейін ұстаздар да сөз алды. Доцент К.Қабылғазина «1-курстан бастап шағын көлемдегі роликтер түсіріп, тәжірибе жинаңдар, шығармашылықтарыңды жетілдіре беріңдер, сонда болашақта сендерден мықты режиссер шығады» деген ақыл-кеңесін берсе, доцент Ж.Әбдіжәділқызы студенттерге «факультетті тәмамдағанша 40-50 сценарий жазсаңдар, соның ішінен мықты деген 10 идеяға құрылған шығарма туатындығына кепілдік беремін және болашақта ұлттық әдебиетіміздің озық үлгілерін экрандық үлгіге айналдыру бағытында жұмыла еңбек етуіміз керек» деп өз ойын түйіндеді. Осылайша ұстаздардың шәкірттермен бейресми кездесуі қызықты да мағыналы өтті. Студенттер аудиториядан тыс, осындай бағыттағы еркін сұхбаттасулар жиі болса екен тілектерін білдірді.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field