Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Атыраулық сатирик, ақын,композитор- Ғаллам Данкенов

Шарипа Нуржанова Қаңтар 28, 2019 1
Атыраулық сатирик, ақын,композитор- Ғаллам Данкенов

  Өмірбаян /автор өзі жайлы/

Мен  Дәнкенов  Ғаллам  Дәнкенұлы  04.10.1950  жылы  кәзіргі  Атырау  обылысы  Құрманғазы  ауданында  Котяевка  ауылында  дүниеге  келдім .  1958 – 1968  жылдар  аралығында  ортамектепті  бітіргеннен  кейін  сол  жылы  Орал  қаласындағы  Батыс  Қазақстан  ауыл  шаруашылық  институтының  эканомика  факултетіне  түсіп  оны  1973  жылы  агроном – экономист  мамандығы  бойынша  бітіріп  шықтым .  Алғашқы  еңбек  жолымды  сол  жылы  осы  Құрманғазы  ауданына  қарасты  Калинин  совхозында  еңбек  және  еңбек  ақы  жөніндегі  аға  экономистен  бастадым .  1991  жылға  дейін  совхоздарда  бас  экономист ,  бас  агроном  жұмыстарын  атқардым .  1991  жылдан  бастап  өз  атымдағы  шаруа  қожалығын  құрып  зинеткерлікке  шыкканға  дейін  жұмыс  жасадым . 2017 жылдан  бастап  ауырулығыма  байланысты  2-ші  топтағы  мүгедекпін .  Институтта  оқып  жүрген  кезімде  кешкі  мектептерде  оқып  баянист – хормейстер  деген  қосымша  мамандық  игердім . Ақындар  айтыстарына  да  қатысып  жүрдім . Өлеңдерім  газет  беттерінде  жарық  қөріп  отырды .  Менің  шығармашылық  өмірім  сатиралық  поэзиямен  республикалық , обылыстық , аудандық  газет  беттерінде  көрініп  жүретін .  2000  жылдардан  бастап  лирикалық  өлеңдеріме  ән  жазамын .  Кәзіргі  күнде  оншақты  әндерім  бар  өз  өлеңдеріме  жазылған .  Оның  төртеуін  нотаға  түсірдім . Оранжировкадан  кейін  нотаға  түсірген  дұрыс  болады  дегесін  бұнымен  шұғылданбадым .  Өзімде  ондай  құралдар  жоқ . Баяным  1986  жылғы  басовый  жағы  жұмыс  жасамайды . Әндерімнің  мелодиясының  анық  шығуына  көңіл  бөлінді , ал  әндердің  сөздері  бөлек  парақшаларда  тұр .  Менің  оң  жақ  қолыммен  аяғым  дұрыс  жұмыс  жасамайды  инсулттан  әлі  жазылған  жоқ . Мен  әндерді  өңдеп  , әдемі  дауыспен  сахнаға  алып  шығамын  дейтін  адамдардың  көмектеріне  зәрумін  .      \Автор\

                                                               Мәтіні  майысқан  мәтелдер.

Сөз  білмесең  де  шүлдірлей  бер  шешен  боларсың,

Басшыларға  жалбақтай  бер  көсем  боларсың.

Ақылдан  кенде  болсаң  да,

Малға  жарлы   болма.

Малы  болмаса  ерден  тұңіл,

Шөбі  болмаса  жерден  тұңіл.

Ақша  болса  дипломды  таңдап  алуға  болады,

Ақылды адамдарды  жалдап  алуға  болады.

Ақшасы  бардың  аты  өседі,

Ақшасы  жоқтың  аты  өшеді.

Ұры  байыиды ,  сұқ  семіреді,

Мықты  болса  сүйенері  мен  төңірегі.

Ақынды  іздеме,әкімді ізде.

Ұялмас  бетке  талмас  жақ  бітеді,

Жымқыра  білсе  бақ  бітеді.

Байый білгендердің  сөзін  тыңда-ізгілік,

Қасиетін  үйреніп  ап  көзге  ілік.

Сөз  білмесең  де  көптің  ішінде  отырарсың,

Жөн  білмесең  де  кеңседе  көсіліп   отырарсың

Әлділерге  басыңды  ій  силы  боларсың,

Әлсіздерге  тұмсығыңды  көтер  милы  боларсың.

Өтірік  айтқан  пәледен  құтылады,

Шындықты  айтқан  тұтылады

Алдауды  білсең  аузындағыны  аласың,

Аңқау  болсаң  пәлеге  қаласың.

                       Оптимист пен  Пессимист.

                                      ( Диалог )                                       

Олар әртүрлі көзқараста

Ауыл  бағдарламасын  талқылады

Оптимист  ағынан  жарылып  алқынады

Пессимист  ашық  сөзден  тартынады.

Ауылға  қаржы  бөлінетін  болды.

Біздей  бейнетқорлардың

Маңдай  тері  көрінетін  болды.

-Қаржыны  босқа  төкпей  ме?

Жоғарыдан

Біреулер  қағып  кетпей  ме?

-Жоқ.

Тәртіп  енді  күшті  болады

Cыбайлас  жемқорлар.

Қолға  түсіп, істі  болады

-Мен  түсінбеймін.

-Ауылдағы  үйлер  сәулеттенеді

Несиеге  кеңеліп.

Ауқаттылар  әулеттенеді

Әкімдерге  кеңселер  салынады

Астарына.

Су  жаңа  машиналар  алынады.

-Мен  сияқты  дымы  жоқтарға  ше?

-Ешкім  де.

Құр  қолға  бата  бермейді.

Сендейлерге  қаржы  келмейді.

Ал  біз  кепілдікке

Миллиондап  саламыз.

Сосын  несиені

Шөміштеп  аламыз.

Одан  құтылмаймыз.

Бейнет  пен  зейнет  егіз-ғой

Бәрі  бір  ұтылмаймыз .

Деп .

Оптимист  көңілденіп  ән  салады,

Ал  Пессимст  жерге  қарады.

 

 

 

                                                     

Бір пікір »

  1. Дәнкенов Ғаллам Қаңтар 31, 2019 at 6:49 тд - Жауап

    Тікелей сұрақтар болса менімен мына қөрсетілген эл.почтамен немесе мобилді телефонмен хабарласуға болады ұзақ мерзімде үйде болмай қалған шақтарда . Әсіресе “Қазақ елі” және “Жастар гиміні” әндерім бұгінгі күндердің сұранысына байланысты еді тарпаларда жатып қалмағанын жақсы көремін .\dgallam@mail.ru \ \ Моб.тел.87782641750 \

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field