Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

V- Халықаралық Фараби оқулары

Шарипа Нуржанова Наурыз 13, 2018 0

ҚазҰУ-да сәуір айының 3-13 жұлдызы аралығында V Халықаралық Фараби оқулары өтеді. 2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде Халықаралық Фараби оқуларын өткізуді дәстүрге айналдырған.

V Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ Фараби оқуларына Нобель сыйлығының лауреаттары, Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ ҚР СІМ және дипломатиялық миссия өкілдері қатысады.

Оқулар шеңберінде келесі іс-шаралар:

  • 3-4 сәуірінде «Әл-Фараби және қазіргі заман»V Халықаралық Фараби форумы;
  • 4-13 сәуір аралығында факультеттердің халықаралық ғылыми конференциясы;
  • 9-12 сәуір аралығында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Ғылыми-техникалық іс-шаралар Оксфорд университеті (Ұлыбритания) және «Адам және биосфера» атты Ұлттық комитеттің ЮНЕСКО бағдарламасы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы, ҚР-ғы БҰҰ ақпараттық бюросы, «Ақадемиялық ықпалдастық» атты БҰҰ-ның Хаб бағдарламасы (UNAI), «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, «Түркі тілдес журналистер» қоғамдық қоры, «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы, Кингс колледжі (Лондон, Англия), Айтматов Академиясы (Лондон, Англия), Вена экономика және бизнес университеті (Вена, Австрия), Стамбул университетінің «әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу орталықтарының (Түркия) қатысуымен өтетін болады.

Ұйымдастырушылар: Заң факультеті. Философия және политология факультеті. География және табиғатты пайдалану факультеті. Химия және химиялық технология факультеті. Физика-техникалық факультеті.

Өтетін орындары: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы. ҚазҰУ спорт кешені. Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы.

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field