Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Ғұсман Қырғызбаев Марокканың Агадир қаласында өткен халықаралық дзюдо жарысында Гран-при басты жүлдесін қанжығасына байлады.
Жарыстың финалында 60 келі салмағында Ғ. Қырғызбаев түріктің мықты дзюдо спортшысы болып саналатын Бекир Озлумен күш сынасты. Айта кетерлігі, өткен жылы бұл екі спортшы Түркияда өткен халықаралық Grand Prix турнирінде кездесіп күрескен болатын, қорытындысында Ғ. Қырғызбаев Қазақстан үшін алтын медалін ұтып алды.
Осы жолы да Ғұсман Қырғызбаев қарсыласына дес бермей, «голдн скор» жекпе жегінде өзінің ептілігі мен шеберлігін көрсетіп, Гран-при медаліне қол жеткізді. Дзюдоның Гран-при жүлдесі Қазақстан үшін алғашқы медаль болып отыр. Жарысқа 38 елден келген 241 спортшы қатысты.
ҚазҰУ студенті Ғұсман Қырғызбаевты және оның бапкері Файзулла Койшымановты халықаралық спорттағы кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі