Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ермек Тұрсынов Қазақстан Кинематографияшылар одағының төрағасы қызметіне тағайындалды

Шарипа Нуржанова Ақпан 25, 2018 0
Ермек Тұрсынов Қазақстан Кинематографияшылар одағының төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Кинематографияшылар одағының ХV құрылтайы өтті. Көпшілік даусымен кинорежиссер Ермек Тұрсынов Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып сайланды.

1961 жылы 20 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (1984) және БМКИ-дің  сценарий-кинотану факультетін бітірген.

«Мегаполис» газетінің бас редакторы, журналисті; «Қазақстан» телеарнасының бас директоры; «31 арнаның» бас продюсері қызметтерін атқарған.

2008 жылы «Келiн» фильмін түсіріп, режиссерлік мансабын бастаған.

2010 жылы Құрманбек Артықбаевпен бірге «Мамырдың жеті күні» атты кітап шығарады. Ал 2011 жылы кітап желісімен аттас фильм түсірілді.

2012 жылы режиссердің «Шал» атты келесі фильмі жарыққа шығады.

2015 жылы режиссердің трилогиядағы соңғы «Кенже» атты фильмі шықты.

Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы – режиссер, сценарий жазушы, ақын, жазушы, аудармашы, кинодраматург, КСРО журналистер одағының мүшесі, мини-футболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field