ҚазҰУ гигиена және эпидемиология бойынша республикалық деңгейде өткізетін I Қазақстан Олимпиадасына шақырады.
Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында білім алатын Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының (бұрында «Медико-профилактикалық іс») 4 және 5 курс студенттері арасында гигиена және эпидемиология бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жағдайында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау» тақырыбында I Қазақстан Олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағамтану гигиенасы, еңбек гигиенасы және эпидемиология профильдік пәндері бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат талантты студенттерді анықтау, оларға қолдау көрсету және ғылыми жұмыс бағыты бойынша қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
1 кезең – 3 наурыз, 2018 ж. – on-line режимінде тестілеу, келесі кезеңге өту – 80 балл.
2 кезең – 10 наурыз, 2018 ж. – on-line режимінде бизнес-кейс шешу, келесі кезеңге өту – 80 балл.
3 кезең – 10 сәуір 2018 ж. – студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби әлемі» V халықаралық ғылыми конференциясының медициналық секциясында ғылыми баяндама жасау.
3 кезеңнің қатысушыларына ҚазҰУ жатақханасынан орын тегін беріледі. Қатысушыларға Олимпиадаға қатысқандығы жөнінде сертификат, студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби әлемі» ғылыми конференциясының сертификаты мен шеберлік-сыныптарға қатысқандығы жөніндегі сертификаттар беріледі;
Олимпиада қатысушыларына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың эпидемиология және гигиена кафедрасында «Тұрғындар денсаулығының қоршаған орта факторларымен себеп-салдарлық байланысы» және «Эпидемиологиядағы картография және статистика әдістері» тақырыбындағы шеберлік-сыныптар тегін өткізілетін болады.
Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қатысушыларға 11 сәуір 2018 жылы Қазақстан Республикасы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы мен «Медеу» мұз айдынына саяхат жасау ұйымдастырылады.
Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс телефонына 8(727) 2211615(14) және ephykaf@gmail.com поштасы мен facebook «Epidemiology, hygiene» әлеуметтік желі парақшасы арқылы хабарласуға болады.
http://kaznu.kz/kz/19026/page/ басыңыз!