Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ студенттері ертегі кітаптарын шығарды

Шарипа Нуржанова Мамыр 25, 2017 0
ҚазҰУ студенттері ертегі кітаптарын шығарды

ҚазҰУ-дың баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері қазақ ертегісіне құралған ертегі кітаптарын жарыққа шығарды.

Бұл студенттерге көктемгі семестрге берілген тапсырма болған. Нәтижесінде студенттер балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған түрлі-түсті ертегі кітаптарын өздерінің бейнелеу өнеріндегі шеберліктерімен салып шыққан. Ұстаздары да жоғары бағалап, емтихан барысында үлгілі санатқа ие болды.

Студенттердің өз қолдарынан шыққан бірегей туындылардың жалпы саны 17 кітапты құрады. Олардың ішінде 5 ертегі, 6-еркін тақырыптағы жұмыс ұстаздардың көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болған. Тапсырма барысында топтасып жұмыс істеген студенттер  де болған.  Бұл өзара қарым-қатынас үшін өте жақсы тәжірибе болғаны сөзсіз.

Бейсен СЕРІКБАЙ, ҚазҰУ-дың баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы:

– Бұл кафедра үшін тамаша жетістік. Өйткені, ҚазҰУ-да дизайн мамандығына дайындау небәрі 5-ақ жыл бұрын қолға алынғанына қарамастан, студенттердің шығармашылық деңгейі кез-келген аталмыш оқу орындарымен терезесі тең. Бұл журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлының бастамасымен қолға алынды.

Баспагерлік,редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 2 және 3 курс студенттері 2016-2017 оқу жылының көктемгі семестріне ерекше дайындығын емтихан барысында өте жоғары деңгейде көрсете білді.

Жұмыстың барлығы CorelDRAW бағдарламасының көмегімен орындалған. Негізінде мұндай жұмыстар AdobeI illustrator бағдарламасымен істелуі тиіс және де арнайы компьютерге қосылатын графикалық планшетте салынып безендірілетінін жақсы білеміз. Әзірге біздің қолымызда мұндай мүмкіндік жоқ. Сүйінші даналар студенттердің жеке қаражатымен қолға тиді.

Ұлдана Аманжолқызы, Гүлфарус Шабдан екеуі бірігіп «Алтын балық» ертегісін, ал Заманбек Кетебаев «Арыстан мен тышқан» ертегісін, Әлима Жәлел болса, өзінің «Ақторғын» атты ертегісін безендірді. Осы төртеуі 2 курс қазақ тобынан, ал 2 курс орыс тобынан Даяна Карагужинова «Ақылды қыз»  ертегісін безендірді. Ал 3 курсқа келетін болсақ, бұл жерде ең жақсы жұмыс Ақжан Аманкелдінің «Патшаның қызы неге бақытсыз?» атты ертегісі, одан кейін «Ақылды Мұрат» Сандина Бисенге тиесілі. Енді орыс тобынан ең тәуірі Динара Абдуманапова Ева Ибботсонның «МИСС ВЕДЬМА Мультивселенная» кітапшасын, ал Диас Төлеужанов «2017» атты кітапшаны ерекше безендірген. 20 студенттің арасынан озық тұрғандар осылар.

Досжан Балабекұлы

http://kaznu.kz/

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field