Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Баспасөз хабарламасы

Шарипа Нуржанова Мамыр 25, 2017 0

2017 жылы 27 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер күніне орай салтанатты шара өткізіледі.

Биылғы жылы түлектер алғаш рет «Мәңгілік ел» студенттер мен түлектер қақпасының алдында жиналады. Қақпа 2016 жылдың 1 қыркүйегінде мемлекеттік және жекеменшік серіктестік негізінде және университет түлектерінің көмегімен ашылған болатын.

Шара Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішіне және академик Өмірбек Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алады. Түлектер мен қонақтар жасыл технологиялар Орталығының ашылу рәсіміне қатысады.

Салтанатты жиын Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер Сарайында өтеді. Жиынға жиналған қауым алдында университет ректоры Ғ.М. Мұтанов баяндама жасап, ҚазҰУ түлектер Қауымдастығының есебі тыңдалады. Сонымен қатар университет түлектері 15 факультеттің ең үздік студенттеріне шәкіртақы тағайындайды. Кафедраларға сыйлықтар ұсынылып, Альма-Матер жетістіктері туралы фильм, студенттер даярлаған Гала-концерт көрсетіледі. Түстен кейін түлектермен кездесу факультеттерде жалғасын табады.

Дәстүр бойынша бұл күн Әл-Фараби атындағы кітапханада түлектер Балымен аяқталады.  

 Түлектер күнінің өтетін мекенжайы: Алматы қ. әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер Сарайы.

Басталуы: 27 мамыр 2017 ж. сағ. 10:30

Түлектер «Мәңгілік ел» студенттер мен түлектер қақпасының жанында сағат 10 часов жиналады.

Ұйымдастырушы Комитет: ҚазҰУ түлектері Қауымдастығы

8(727)3773360

WhatsApp: +7 707 341 83 98; +7 771 207 29 09

E-mail: kulgazira_777@mail.ru

kulgaziranuranovna@gmail.com

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field