Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қорқыттағы архиологиялық ҒЗО мен Елбасы залы

Шарипа Нуржанова Сәуір 21, 2017 0
Қорқыттағы архиологиялық ҒЗО  мен Елбасы залы

IX Республикалық пән олимпиадасының аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас журналистер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің базасымен танысып шықты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Негізі 1937 жылы Қызылорда педогогикалық институты болып ашылған оқу орынның жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес. 80 жылдық тарихы бар оқу ордасы 7 факультеттен тұрып, 60-қа жуық мамандық түрінен білім береді.

Қазақстандағы журналистер дайындайтын 13 университеттен келген 39 студент Университет базасындағы «Археология және этнография» ҒЗО көрме залы және «Елбасы және Тәуелсіх Қазақстан» оқу-көрме залымен танысып шықты. «Археология және этнография» ҒЗО жетекшісі Тәжікеев Әзілхан Әуезханұлы орталықтың мақсат-міндеттерімен таныстырып шықты. Қызылорда облысы территориясындағы тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау, археология және этнография салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және тарихи құндылықтарды Қазақстан халқына насихаттау бұл орталықтың басты жұмысы екенін атап өтті.

Сондай-ақ орталық жетекшісі 2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арсында үшжақты келісім жасалғанын, сол келісім негізінде Орталық қызметкерлері Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістер жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті.

 Ал 2004 жылдан бастап Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттары ғалымдарымен бірлескен ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіліп,  2005-2007, 2011 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлескен «Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағын» шығару мақсатында аймақ көлемінде арнайы барлау экспедициясы жұмыс жүргізілген екен.

 2005-2007 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен РФ Астрахан облысындағы, Батыс Монғолияның Баян-өлке аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедициясы жұмыс жүргізгенін баяндады.

Жас журналистердің келесі тоқтаған жері «Елбасы және Тәуелсіх Қазақстан» оқу-көрме залы болды. Мұнда Елбасының сүйіп оқитын кітаптары, және Қазақ елі жөнінде түрлі тілде жарыққа шыққан құнды кітаптар орналасқан.  Сондай-ақ Н.Назарбаев Қорқыт Ата атындағы Университеттің 70 жылдық мерейтойында оқу орынның тыныс-тіршілігімен танысып, қонақ болғанын дәлелдейтін фотосуреттер қойылған. Бұл оқу-көрме залы магистранттар мен докторанттар үшін білімін жетілдіріп, ғылым жолындағы беталысын жоғарылататын мүмкіндік екені белгілі.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field