Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Өмірін өлеңменен кестелеген

Шарипа Нуржанова Ақпан 12, 2017 0
Өмірін өлеңменен кестелеген

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының қолдауымен Алматы облысының Іле ауданындағы 36-шы орта мектепке “Айбергеновтың ақындық əлемі” атты жыр байқауы өтті.

Білім ошағының басшысы, мектеп  директоры Исабек Қызайбекұлы өзі  сөзінде ақынның творчествосы мен 80 жылдығына тоқтала келіп,  арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді. Негізгі қозғаушы күші мен ұйымдастырушысы Нұрбек Жанғабаев болған байқаудың бірінші мақсаты ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығын насихаттау болса, екіншіден университет арасындағы байланысты ескере отырып, шығармашыл талантты жастарды таңдап алып, мектеп бітірушілеріне мамандық таңдауда қателеспейтіндей етіп, кәсіби бағыт-бағдар беру.  Жалпы байқауға арнайы іріктеу турынан өткен 16 үміткер, «Сен менің өзімді көрсең…» (үміткердің өзін-өзі таныстыруы), «Қара өлеңнен қар боратам…» (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу), «Төлеген  мұрасы – жастар назарында» (ақын рухына ескерткіш ретінде  кесте, портрет сахналық қойылым, қолөнер заттары  түрлерінде жасалған авторлық шығармаларын қорғау,   естеліктер айту), Айбергеновтың әдеби-ақындық әлемі (ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтарға жауап беру)  бөлімдері бойынша бақ сынап, сынға түсті.

Байқау жоғарғы деңгейде, тартымды өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, ақынның қызы  Салтанат Төлегенқызы Айбергеновамен,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, академик, Т. Жүргенов атындағы ҚазҚӨА сахна тілі кафедрасының меңгерушісі  Дариға Тұранқұловамен, Халық жазушысы, ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ағамызбен бірге қазылық жасап, таланттыларды таңдап алдық. Байқаудан оза шапқан жүйріктерге кафедра ұжымы демеушілік жасап, Тауман Амандосовтың өнегелі өмір сериясымен шыққан кітаптар мен ҚазҰУ университеті жанына ашылған «Қазақ университеті» баспа үйінің өнімдерін сыйға тартты. Баспагерлік –редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері Алғыс Серік пен Индира Тынышбек жеңімпаздарға арналған дипломдар мен сертификаттардың дизайнын өздері жасап шықты. «Баспа ісі», «Дизайн» мамандықтарына түскен әрбір студентті тұлға ретінде қалыптастыру эдвайзер-куратордың міндеті. Студенттеріміздің болашаққа деген қадамының нық болуы үшін тәрбиелі, білімді, білікті,  мейірімді, көпшіл етіп тәрбиелеу жолындағы ізденістеріміз осылайша алғашқы нәтижелерін беруде. Кеш соңында мамандықтың қыр-сыры айтылып, журналистика факультетіндегі жаңа мүмкіндіктер түсіндірілді. Жеңімпаздар мен мектеп жоғарғы сынып оқушылары сәуір айында ҚазҰУ-да өтетін Республикалық IX-шы “Болашақ баспагер редактор, дизайнер” байқауына шақырылды.

Нұрлыайым Данаева

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field