Кеше«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» акционерлік қоғамында өткен жинында, Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі газетте ұзақ жылдар бойғы еңбектен кейін зейнет демалысына шыққан бірнеше қызметкерлерге, оның ішінде газеттің бұрынғы бас редакторы Жанболат Аупбаевқа, ардагер журналист Сүлеймен Мәметке, басылымның жарнама бөлімін басқарып келген Марат Аққұлға, Ақмола облысындағы меншікті тілші қызмет атқарған Бақберген Амалбекке, интернет-редакция қызметкері Рысбала Əбдіқадырға, корректор Базаркүл Ахметоваға шапан, камзол жауып, құрмет грамотасын табыс етті.
Сонымен қатар Басқарма төрағасы «Егемен Қазақстан» басылымындағы құрылымдық және кадрлық өзгерістерді жария етті. Бұл шешімге сәйкес, Әлеумет және білім бөлімінде Думан Анаш, Спорт бөлімінде Кайрат Абдолла, Мәдениет және руxаният бөлімінде Оралхан Дәуіт бөлім басшылары болып қызмет атқарады.
Тағы бір маңызды өзгеріс, Оңтүстік Қазақстандағы газет өкілдігі енді тілшілер қосыны болып құрылатын болды.
Сілтеме:https://www.egemen.kz/2017/01/16/92174