Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Журналист болғың келе ме?» форумы – жас журналистерді үлкен өмірге шыңдайтын жоба

Шарипа Нуржанова Қаңтар 16, 2017 2
«Журналист болғың келе ме?» форумы – жас журналистерді үлкен өмірге шыңдайтын жоба

Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ

кафедрасының аға оқытушысы

Ә. А. Әлім

Бүгінгі күні «Журналист болғың келе ме?» атты талапкерлердің Республикалық форумының әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде өтуі жыл сайынғы дәстүрге айналған айтулы шара.
Бұл форум 2008 жылы жарық көрген «Жас зерттеуші» ғылыми журналының 7 нөмірінде алғаш рет жарияланған «Жаңа ғасыр журналистикасы қандай болуы керек?» атты Республиканың шет-шетінен жиналған мектеп оқушыларының шығармалар байқауынан бастау алады.
«Жас зерттеуші» ғылыми журнал редакциясы университетімізбен серіктестік туралы Меморандумға қол қоюы алғаш рет «Жаңа ғасыр журналистикасы қандай болуы керек?» атты байқауының сәтті басталуына себеп болды.
Бұл байқауға әр-түрлі өңірлерден, көбінесе Оңтүстік Қазақстан облысынан 1-11 сынып аралығындағы кез-келген дарынды оқушы өз бағын сынай алу мүмкіндігіне ие болды. Уақыт өте «Жаңа ғасыр журналистикасы қандай болуы керек?» байқауы өрісін кеңейтіп, «Журналист болғың келе ме?» атты ірі масштабты жобаға айналды, бұл форумның тарихын көпшілік біле бермейді.
2008 жылдан бері «Жас зерттеуші» журналына жарияланған оқушылардың  шығармаларына  мәтіннің стилистикасына мән беру, сол тақырып мәтін мазмұнын ашты ма, оқушы дарыны шығармада қаншалықты көрінді, болашақта одан жақсы маман иесі шығады деген сенімділік бар ма деген талаптар қойылды, бұл сұрақтар сол кезден-ақ комиссия мүшелерінің  бағалаушы ұстаздарын алаңдатты. Бүгінгі күні бірнеше жылды артқа тастаған бұл форум өзінің шарықтау шегіне әбден жеткен, пісіп жетілген, талаптар да сол қалпы, тек қосылғаны нано, инновация технологияларды игеру барысында журналистикаға  интернет, блог тұрғысынан қарау болып тұр.
Университеттің, оның ішінде журналистика факультетінің  мектептермен тығыз байланыс орнатуы, яғни  профориентациялық жұмыстардың жолға қойылуы, әр оқуға түсуші жас талапкерлерді көпшілік ішінен таңдау мен талғауды қалыптастырды.
Бүгінгі мектеп оқушысының  шығармашылық жұмысы жаңа жолға қойылған, яғни журналистикаға бет бұрамын деген әр оқушы көкейінде  мектеп партасынан өзін публицистикаға жаңашыл инновациялық тұрғыдан қарау керек екенін түсінген, міндетті түрде ұстаздар тарапынан қолдау болу керек, олар оқушылардың тәлім-тәрбиелік оқу нәтижесін бақылау арқылы білім сапасын жақсартуға, шығармашылығына аналитикалық талдау жасауға, жетістіктері мен кемшіліктерін саралау арқылы қазақ ұлтының мүддесіне жұмыс істейтін тұлға қалыптастыруға бағытталған кәсіби принциптік, адамгершілік талап-тілектер ескерілуі керек.
Журналистика факультетінің тарапынан мұндай форумды өткізу журналистика кәсібіне ат басын бұрған, бейімі, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеті бар дарынды жастардың арасынан ең үздіктерін таңдау арқылы, кешегі-оқушы, бүгінгі-студент, ертеңгі-тұлғаға айналуына ат салысу, үлес қосу болып табылады.
Бұл форумның міндеті Қазақстан Республикасынан жиналған дарынды оқушыларға С. Медеубек, С. Қ. Қозыбаев, К. Х. Камзин, Ш.С. Нұржанова, К. К. Қабылғазина, С.Х.Барлыбаева, Ш.И.Нургожина сияқты профессорлардың бастауымен тағылымы мол лекцияларды, кәсіби журналистердің мастер класстарын тыңдату арқылы, олардың журналист кәсібіне келуіне психологиялық демеу беру, бұл киелі мамандықтың ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін жүрісті көтермейтінін жауапкершілікпен сезіну арқылы,олардың ой тоқтатуына, бір байламға келуіне үлес қосу.
Республикалық «Журналист болғың келе ме?» жас талапкерлердің шығармашылық байқауына қатысушы жазба жұмысының тақырыптары еліміздің рухани және заманауи-өркениетті дамуына негізделген, мәдени-ағарту салаларын қамтитын, саяси-әлеуметтік ахуалды талдайтын, ғылыми-инновациялық жаңалықтарға бағытталған болуы шарт.
Байқау жұмыстары қазіргі кезде қоғамда алаңдатушылық тудырып отырған өзекті мәселелер төңірегінде жазылуы қажет, ғылыми және публицистикалық жұмыстарда мәселенің маңыздылығы, өзектілігі, шешім табу жолдары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіліп, қамтылуы тиіс, соған қарап әділқазылар алқасы жас талапкерлердің шығармашылық байқауға түскен  жұмыстарда ғылыми нәтижелер, ұсыныстар мен кепілдемелер болуына мән береді.
Байқауға қатысушы талапкер шығармаларына мемлекеттік деңгейде аталған ақын-жырау Ж. Жабаевқа 170-жыл, «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханға 150 жыл, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 1970-1986 жылдары басқарған академик Ө.А. Жолдасбековке 85 жыл, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл сияқты шаралар тақырып болды, «Жамбыл және қазақ фольклоры», «Жамбыл шығармаларындағы замана шындығы», «Ж.Жабаев поэзиясы және ұлттық рух», «Әлихан Бөкейхан-қоғам және мемлекет қайраткері», «Әлихан Бөкейхан-азамат, ақылшы, ел қамқоршысы», «Алаш мұрасы бүгінгі күнгі ұрпаққа аманат», «Академик Ө.А. Жолдасбековтың университет қалашығын жасауға қосқан үлесі»,  «Ө. Арысланұлы-машина мен механизм теориясының негізін қалаушы ғалым».
Журналистиканың әліпбиінен мағлұмат беруші «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің  Бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлімұлы,  «Айта бер» блог тұғыры, «Сұрақ-Жауап» сайттарының авторы,блогтық журналист Ербол Серікбай, тележурналист Анна Данченко, «Жас Өркен» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі «Ұлан» газетінің Бас редакторы Жұлдыз Әбділда сияқты майталмандары өздерінің шеберлік сыныптарын жыл сайын беріп келе жатыр.
Әсіресе, осы жылдан бастап, журналистика факультетінің Жұмыс берушілер кеңесі профориентациялық жұмыстармен тығыз байланыста, бұл бізге журналистика мамандығына келуші талапкерлердің болашаққа нық сеніммен қарауына мүмкіндік береді және кәсіби маман даярлауда жоғары оқу орындары мен Жұмыс берушілердің ортақ мақсат-мүдделерін айқындайтын «Болондық жүйенің» озық тәжірибелерімен танысу, «Егемен Қазақстан», «Айқын», Түркістан», «Экономика»,  «Заң газеті», «Ақиқат», «Үркер» және басқа да электронды бұқаралық ақпарат құралдарының төрағаларымен элективті пәндер тақырыптарын бекіту және ол сабақтардың оқушылар көңілінен шығуын қадағалау жұмыстары қолға алынып отыр.
Осы жылы орыс тілдегі «Хочешь быть журналистом?» ұйымдастырушысы аға оқытушы Л.П. Нода және қазақ тілде «Журналист болғың келе ме?» байқауында жүлделі орын алған оқушылардың шығармалары алғаш рет «Журналист болғым келеді» 313 беттік жинаққа жұмырдай болып «Қазақ университеті» баспаханасынан 50 данамен шығарылды.
Әсіресе, бұл жинаққа енген Мадина Жумакельдина деген оқушының «Мен неге халықаралық журналист болғым келеді?» шығармасынан бір үзінді: «Қызыға жаз, қыза жаз, қызықтыра жаз! Ойланып жаз, ойлы жаз, ойландыра жаз! Ызамен жаз, кекпен жаз, кектендіре жаз!» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, мен бүкіл шығармашылығым мен шырқау шабытымды осы салаға арнағым келеді, менің әлі білерім де, үйренерім де көп, алайда, биік армен мен ерік-жігерді ту еткен бір бойжеткеннің тілегі орындаларына, қызығы мен қиындығы қатар өрілген бұл мамандықтың мен үшін арманнан ақиқатқа айналарына мен сенімдімін!».
Міне, бала арман, пәк арман ешкімді алдамайтынына тағы бір дәлел, шын ниетіңмен тілесең орындалады, ұстаздардың қолдауымен, оқушыларды сол арманға жетелеуші мақсаттардың орындалатынына кәміл сендіру, көмек беру, яғни қол жалғау міндеті бізге жүктелген.
Ойдан-ой туады демекші, өзімнің ұстазым профессор Абдул-Хамит Мархабаев баспасөзге берген бір сұхбатында: «Журналист-бәрінен бұрын күнделікті практика­лық тірліктің «шығармашылық редакторы». Рас, олардың ішінде өз бетінше ғылыммен шұғылданып, кандидат, доктор ғылыми атағын иеленгендері, Құдайға шүкір, бірсыпыра бар. Мұндай ғылыми атақ алу секілді жақсы ниет конвейерге айналып кетпесе…
Міне, осыдан барып творчестволық факультеттерге талапкерлерді тек қана шығармашылық бәсеке, яғни конкурс арқылы қабылдау қисынды. Жас талапкер, болашақ журналист бұрындары көлдей-көлдей, көптеген жарияланымдарын құжаттармен қоса ұсынғанда ғана қабылданатын. Бүгіндері біздің мерзімді баспасөздің ажарын келтіріп, беделін өсіріп жүрген журналистер сол бәсекеден адал өткендер ғана». Сондықтан, жас талапкердің шығармашылыққа келуіне тек тума таланттың болуы аздық етеді, ағамыз айтқандай портфолиясы 30 мақаладан асса ғана, журналистика факультетінің студенті деген атқа ие болуына мән беру керек, қазір қалтасы қалың, ми қатпары таяз студенттер қаптап жүр де, олардың орнында болатын нағыз дарындылар басқа жерде мүмкіндіктері болмай лағып жүр.
Бұл шаралардың басын қосып отырған қасиетті қара шаңырағымыз әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің тыныс-тіршілігі тек жетістіктерден тұрсын, жас талапкерлеріміздің саны жыл сайын өсе берсін!

2 Пікір »

  1. Жика Қаңтар 30, 2017 at 2:59 тк - Жауап

    менің арманым ҚазҰУ журналистика мамандығына күндізгі бөліміне оқуға түсу.Қазақ журналистика саласына өз үлесімді қосам деген бала кезгі арманым мен Қазақ жазушылар одағына мүше болып жаңа серіп жасам ерекше қуанырым анық.әрине бұл өмірде жаста болсам көп нәрсені көрдім ойыма түйгенім келешек ұрпақ
    үшін үлгі болып қайырымдылық іс шараларды ресми түрде жүзеге асыру,әрине жетім балаларды кәзіргі қоғамда тұлға ретінде мойындайды десем артық және денсаулығы шектеулі жандармен жағдайы төмен отбасыларынан шықан жастарға мұрының астымен мүсіркей қарайтындарда жетерлік .сол себепті өрескел жағдайдың алдын алу барысында арнайы көп салалы ЖОО,мектеп интернан,коледж немесакадемия емделу сауықтыру орталығын,тұрғын үй кешенін салу.заманына қарай адамы деген сөз бекер айтылмаса керек.кәзіргі кездегі жастар байлықты мәнсапты ойлайды.әрине шын пейіліңмен кішкентай көмек,жақсылық жасаң рухани байлығың молайатыны өмірге деген көз қарасыңда өзгереді.жеке басымыз үшін аспандағы жұлдызды арамандамай,тұлға ретінде жанымызда жүрген жандарға бірет шын пейіліңмен көңіл бөліп жүрегіміздің кеңдігін,жанымыздың тазалығын көрсетіп артымыздан ерген ұрпаққа дұрыс жол сілтейік!Бәріміз жұмырықтай бірігіп дұрыс бағытта тамырымызды тереңге жайайық.Қазақ екенімізді ұмытпайық!

  2. Сабырəлі Мирас Маусым 5, 2017 at 5:18 тд - Жауап

    Ассалаумағалейкүм құрметті достар! Қазақ Ұлттық Университетіне түсу бала кезгі арманым! Осыған байланысты бірнеше сұрақтарым бар еді. Білетіндеріңіз болса жауап бере аласыздар ма?
    1. Шығармашылық емтихан қай уақыт аралығында өтеді? Жəне қандай тапсырмалар болады? Немесе қалай тапсырамыз? Шығармашылық емтихан қалай өтеді?
    2. ҚазҰУ журналистика факультетінде оқушыларға арналған жарыстар немесе грантқа арналған шығармашылық байқаулар алдағы уақытта өтеді ма?

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field