Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ ғалымдары титанат кальций минераланынан күн қуатын бойына жақсы жинайтын жұқа пленка ойлап тапты

Шарипа Нуржанова Қаңтар 10, 2017 0
ҚазҰУ  ғалымдары  титанат  кальций  минераланынан  күн қуатын  бойына  жақсы  жинайтын  жұқа  пленка  ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Тәжірибелік және теориялық физика ҒЗИ ғалымдары титанат кальций минераланынан күн қуатын бойына жақсы сіңіретін жұқа пленка ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша.

Ғылыми жобаға физика және математика ғылымдарының кандидаты Т.И.Тәуірбаев жетекшілік жасаған. Ғалымдардың айтуынша, титанат кальций минераланынан жасалынған пленка кремнийден жасалынған күн тақтайшаларына салыстырғанда өзінің тиімділігін көрсеткен. Болашақта мұндай пленкалар күн көзінен қуат өндіру саласында негізгі материалға айналуы мүмкін. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында органикалық металды галогенидті перовскиттің құрамы жан-жақты зерттелген.

Бүгінде ғалымдар технологиялық өндіріс жүйесін қалыптастырып, алғашқы сынамалық өнімді алып үлгерген. Жаңа пленканың сапасын жан-жақты зерттеген сарапшылар жаңа пленка күн энергетикасы саласынан бөлек оптикалық-электрлі құралдар жасауға да кеңінен қолдануға болатынын алға тартуда.

Сілтеме:«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field