Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ ғалымдары техногендік қалдық пен базальттан жылусақтайтын материал жасады

Шарипа Нуржанова Қаңтар 10, 2017 0
ҚазҰУ ғалымдары техногендік қалдық пен базальттан жылусақтайтын материал жасады

ҚазҰУ  ғалымы дайын тауарлық өнім алудың технологиялық жүйесін ұсынды.                                         Жану мәселелері институты ғалымдары техногендік қалдық пен базальттан жылусақтайтын материал жасады. Жану мәселелері институтының ғалымы х.ғ.д., профессор С.Х. Ақназаров мнинералды және техногендік шикізат көздерінен құрылыс жұмыстарына қажетті жылусақтайтын материал дайындап шығарды. Қазақ ғалымы жылу сақтағыш материалды дайындауда плазмалық технологияны пайдаланып, құрылыс саласы үшін маңызды материал алудың жолын ұсынды. Ол ғылыми-зерттеу жұмысы барысында табиғи базальт пен металлургиялық комбинаттардан шыққан техногендік қалдықтарды және доломитті электрлі-магниттік жолмен балқытқанда құрылыс саласы аса қажет жоғары сапалы жылусақтағыш материал алудың технологиясын әзірледі.   Болашақта Жану мәселелері институты ғалымы дайындаған құрылыс материалын құрылыс, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласына кеңінен пайдалануға болады. Бүгінде ізденуші ғалым дайын тауарлық өнім алудың технологиялық жүйесі мен минералдарды балқытатын реактордың сызбасын ұсынып отыр. Алдағы уақытта әлеуетті инвестор табылса, жобаны іске асырып, мол пайда табуға болады.

Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field