29 қаңтарда Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары басталып, Алматы қаласының ірі спорттық кешендерін аралайды. Қазіргі кезде Қазақстанның спорт саласы «Универсиада-2017» ойындарының өткізілуіне тығыз дайындық үстінде. 2017 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауы жағылады. Универсиаданың ресми ашылу салтанатына орай алау ұстаушылар 22500 шақырым жолды жүріп өтіп алауды Алматыға жеткізеді. 29 қаңтар күні Универсиада Алауы Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да тұтанып, 100 алау ұстаушы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық базасы сияқты Алматы қаласының ірі нысандарын аралап өтеді. Жалпы, Универсиада алауы 25 қаңтарда Астанада, 26 қаңтар күні Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, 27 қаңтарда Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтауда, және 28 қаңтарда Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорғанда ал, Алматыда 29 қаңтаркүні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жағылатын болады.