Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлегі жалынды жастармен кездесті
ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам және дін істері вице-министрі Нукенов Абзал Алматы қаласынының жастарымен кездесу өткізді.
Жоғары оқу орнына арнайы келген министр «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен ҚазҰУ кітапханасына барып қайтты. Жоғары мәртебелі қонаққа қызмет ету Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері қызметінің басшысы Елнұр Бейсенбаевтың басшылығымен жүзеге асты. ҚазҰУ студенттік белсенділіктіің эпицентрі болып табылатындықтан, министрдің аталмыш орындарға баруы тегін емес. Сондай-ақ, оқу орнындағы «Керемет» СҚО-да қалалық жастар ұйымдарының кездесулері жиі өтіп тұрады.
Шара Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жалғасын тауып, ресми ашылуы болды. Сарай ішінде алдыңғы қатарлы қала белсенділері жиналды. Мерекелік шараның тұздығы ұйымның есеп беру промо-роликтері болды. Олардың әрбіреуі өскелең ұрпақтың қызметіндегі жетістіктерді көрсетіп ғана қоймай, сол арқылы қатысушылардың қызығушылығын артттырып, рухтандыра түсті.