Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Көшбасшы жолы

Шарипа Нуржанова Қараша 23, 2016 0
Көшбасшы жолы

Көшбасшы жолы

4598

   Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы корей тіліндегі автобиографиялық кітаптың тұсаукесері 9 қараша күні Корея Республикасының астанасы Сеул қаласындағы Ёнсе университетінде өтті. Бірегей басылымның авторы – белгілі мемлекет және саясат қайраткері, саяси ғылымдардың докторы, профессор Махмуд Базарқұлұлы Қасымбеков.

   Шараны «Hangul» Бүкіләлемдік қауымдастығының қолдауымен Ёнсе университеті ұйымдастырды. Тұсаукесер рәсіміне кітап авторы М.Қасымбеков, ҚР Президенті Кеңсесінің орынбасары Б.Темірболат, ҚР Парламент Сенатының депутаты А.Бейсенбаев, ҚР-ның Кореядағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Д.Бекишев, ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету вице-министрі  Квон Дёк Чоел, Ёнсе университетінің президенті Ким Йонг Хак, «Синчхон Северанс» клиникасының бас директоры Ли Бён Сок, Ёнсе университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

  Сонымен қатар салтанатты шарада көрнекті саясаткерлер мен кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, оңтүстіккореялық және қазақстандық университеттердің жетекшілері, дипломатиялық миссия және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Корея ЖОО-ларында білім алып жатқан қазақстандық студенттер болды.

   Шарада сөйлеген сөзінде Ёнсе университетінің басшысы профессор М.Қасымбековтің Қазақстан Президенті жайлы автобиографиялық бірегей еңбегін жазу барысында аса ауқымды жұмыс атқарғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол кітапты корей тілінде шығаруға көмектескен барша жанға алғыс білдірді.

  «Қоғам, Корея халқы, басқа елдер азаматтары да Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық қасиеттеріне үлкен қызығушылық танытады. Қазақстан көшбасшысының бейбіт бастамалары, ядролық қарудан бас тартуы, жаһандық интеграциялық идеялары мен жобалары халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған және іс жүзінде жүзеге асуда. Оның өмір жолы, қарапайым жұмысшыдан әлемдік деңгейдегі саясаткерге дейін қалыптасуы, бұл, сөзсіз, қажымас қайраттың, табандылық пен мақсаткерліктің, стратегиялық көрегендіктің, өз халқы мен елінің тағдырына жауапкершіліктің феномені, жарқын үлгісі», – деді өз сөзінде университет президенті  Ким Йонг Хак.

76876

Кітап Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін тарихи-биографиялық тұрғыда ресми зерттеудің алғашқы тәжірибесі болып табылады. Онда Елбасының қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшылығына дейінгі жолы қамтылған. Қазақстанның XX-XXІ ғасыр аралығындағы дамуымен қатар жүрген драмалық және әр қилы оқиғалар мен үдерістерге тарихи шолу жасау арқылы кітапта басты назар оның саяси биографиясына аударылған.

«Нұрсұлтан Әбішұлының автобиографиясы – тәуелсіз және өркендеуші Қазақстанның қалыптасу тарихы. Ол – баршаға, әсіресе, жастар үшін еліктеуге лайықты беделді тұлға. Сондықтан да біздің университет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге Қазақстан Президенті жайлы корей тіліндегі кітапты жарыққа шығарды», – деді Ёнсе университетінің президенті Ким Йонг Хак.

753

Кітапта көптеген фотоматериалдармен қатар, алғашқы рет жеке құжаттар көшірмелерінің берілуі оқырманның сипатталып отырған оқиға ішіне толықтай енуіне жол ашып, еңбектің құндылығын арттыра түседі.

Қазақстан Президенті туралы автобиографиялық еңбек тарихшы-ғалымдар, мамандар мен сарапшылар, сондай-ақ көпшілік оқырман қауым үшін үлкен қызығушылыққа толы.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field