Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Дмитрий Баландин атындағы бассейн ашылады

Шарипа Нуржанова Қыркүйек 9, 2016 0
Дмитрий Баландин атындағы бассейн ашылады

ҚазҰУ-да Д. Баландин атындағы бассейн ашылады 

 

 

ҚазҰУ-да Дмитрий Баландин атындағы жаңа жүзу бассейнінің ресми ашылу салтанаты өтті

Шараға Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, Рио Олимпиадасының чемпионы Д.Баландин, ЖОО Түлектер қауымдастығының президиум мүшелері, оқытушылар мен студенттер, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты. Белгілі қоғам қайраткерлері, университеттің танымал түлектері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев, ақын О.Сүлейменов, ҚР мемлекет қайраткерлері – К.Сағадиев пен А.Арыстанбекова, «Forbes» шығарушысы А.Байтасов және басқалар кештің қадірлі қонақтары болды.

ҚазҰУ-дың жаңа спорт кешені суды жылытатын және тазартатын ең соңғы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар студенттердің жайлылығы және жақсы нәтижелерге қол жеткізулері үшін жаттығу және теннис залы, демалыс орны, киім ілетін орын мен кең әрі қолайлы киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер бар.

Жүзу бассейнінде синхронды жүзуден ҚазҰУ құрама командасы мен студенттерге арналған жаттығулар, университетаралық спорттық жарыстар, спортшыларды аймақтық, ұлттық және халықаралық жарыстарға дайындық шаралары өткізілетін болады.

Осы ретте қала әкімі Бауыржан Байбек: «Бүгінде Алматы қаласының спорттық өмірі 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы ұйымдастырумен және өткізумен тығыз байланысты. Универсиада мыңжылдық тарихы бар қаламыздың айтулы оқиғаларының бірі болатынына сенімдімін. Ал ҚазҰУ қалашығында ашылған жүзу бассейні студенттік спорттың дамуы мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындауға жаңа серпін береді», – деп атап өтті.

«ҚазҰУ өз спортшыларымен және олардың жоғары жетістіктерімен мақтанады. Олардың көбі әлем және республика чемпионаттарының, Азиялық және Олимпиадалық ойындардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылады. 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен Бүкіләлемдік жазғы универсиадада ҚазҰУ спортшылары Қазақстан құрамасы қанжығасына бұйырған 6 алтын медальдің бесеуін жеңіп алды. Университет студенттерінің Лондон Олимпиадасы ойындарындағы жеңістері үлкен серпіліс болды, осы бұрын-соңды болып көрмеген табысты спортшылар Рио-де-Жанейрода қайталады. Олар жеңіске құлшынысты сақтай отырып, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында да жеңіске жетуге ынталы», – деді ректор Ғалым Мұтанов.

Жаңа бассейнге алғашқы болып дене шынықтыру және спорт кафдрасының студенті Дмитрий Баландиннің түсуі салтанатты жиынның айтулы оқиғасына айналды. Содан соң эстафетаны Олимпиада чемпионы кубогына таласқан Алматы қаласы балалар мен жасөспірімдердің жүзуден спорт мектебінің тәрбиеленушілері алды.

«Алматы қаласының әкімшілігіне және бірегей әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне көрсетілген құрмет үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Менің атыммен бассейн ашылады дегенді мен тіпті армандаған емеспін. Студенттік кампустағы жаңа бассейн спортшылар үшін жақсы жаттығу базасына және жастар асығатын орынға айналарына сенемін», – деді Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин.

Студенттік қалашық аумағында жүзу бассейнінің ашылуы – бұл спорттың дамуына ғана емес, сонымен қатар алматылықтардың денсаулығына қосылған сүбелі үлес.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field