Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

III Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді

Шарипа Нуржанова Қаңтар 15, 2016 0
III Халықаралық журналистика және коммуникация  Қысқы мектебі өтеді

2016 жыл 5-7 ақпан аралығында Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Симбиоз шешім: Интернет және сандық сауаттылық» атты IІI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.
Аталмыш шара Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылмақ. Ұйымдастырушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы. Сонымен қатар медиа мектеп жұмысына Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдау көрсетіп отыр. Қысқы мектепте үш модуль бойынша «Ақпарат және медиа», «Жаңа және дәстүрлі медиа», «Интернет-сауаттылық» дәрістер тыңдалады. Медиа дәріскерлер қоғамға белгілі журналистер, ғалымдар, теле жүргізушілер, IT мамандардан құралған. Олардың қатарында саясаткер, журналист Әміржан Қосанов, «Инвесторлар Альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Азаматхан Әміртай, белгілі журналист, зерттеуші Есенгүл Кәпқызы танымал тележурналист Қанат Әуесбай, депутат Мұрат Әбенов, жазушы Хадж Басель, ғалым әрі суретші Дмитрий Шорохов тағы басқалар болады.

Толығырақ әлеуметтік желілерден #‎ҚМ2016 хэштегтерінен ақпараттар таба аласыздар. Сондай-ақ winterschoolkz@gmail.com почтасына хат жолдауға болады. Курсқа қатысушылардың барлығына біліктілігін арттыру туралы куәлік беріледі.

Әйгерім Әлімжан,

Журналистика факультетінің аға оқытушысы

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field