Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Қазақстандағы PR-білім берудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 4, 2015 0
«Қазақстандағы PR-білім берудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2015 жылдың 13 қарашасында Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы ұйымдастыруымен «Қазақстандағы PR- білім берудің өзекті мәселері » атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияда талқыланған басты мәселе «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша талапкерлер үшін қабылдау емтиханының мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Себебі, мамандыққа түсу үшін таңдау пәні- география, ал бұл пәнді таңдаған талапкерлердің басым бөлігі мақсатты түрде географиялық, геологиялық, «туризм» және т.б. мамандықтарға бағдарланады.

Шын мәнінде, PR-маманының кәсіби құзіреті – коммуникативтілік, креативтілік, шығармашылық көзқарас, жазу қабілеті, шешендік өнер, көпшілікпен тез тіл табысу, идеяларды іс жүзіне асыру екендігі мәлім. Демек, мамандыққа талапкерлерді шығармашылық конкурс негізінде қабылданған орынды деп барлық қатысушылар бірауыздан өз ой-пікірлерін айтып растады. Одан өзге, аталған конференцияда Қазақстандағы PR трендтері, баспасөз қызметі, PR-дағы жаңа технологиялар, PR-мамандарын сапалы дайындаудың алғышарттары, мамандықтың мәртебесін көтеріп, жағымды ой-пікір туғызу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында PR саласына қатысты танымдық, тағылымдық, насихаттық мазмұндағы жариялынымдарды көбейту, PR мамандығын алған түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру сияқты мәселелер талқыға салынды.

Аталған жиынға отандық және шетелдік PR саласының зерттеуші ғалымдары, осы саладағы практик мамандар, ЖОО оқытушы-профессорлар құрамы, БАҚ өкілдері және студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Ұсынылған тақырыптар мен өзекті мәселелерді талдау барысында Казкоммерцбанктың HR директоры Қуат Домбай,  «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры, редакторлар кеңесінің өкілі  Жұмабек Кенжалин, журналист және политолог Қосжанов Әміржан және одан өзге қоғамның беделді тұлғалары өз ойларын ортаға салып, сарапталып отырған мәселелерге тікелей шешу бағыттарын нақтылады.

Конференция барысында ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Т.Шыңғысова «Қазіргі уақытта PR мамандығы Қазақстанда үлкен сұранысқа ие мамандық болып табылады. Сол себепті, ЖОО ұстаздары PR-мамандарын оқытуда  терең теориялық білімге сүйенуі қажет»- деп атап өтті.

Отырыс соңында қатысушылар отандық PR саласының әлеуетін дамыту және нығайту үшін әлемдік кәсіби трендтің даму тенденцияларының көшіне ілесіп, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеуі барысында баспасөз мәслихаттарының жүйесін қадағалау керек екендігін тілге тиек еткен болатын.

 

Нұргүл АСАНОВА

Студенттік баспасөз орталығы

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field