Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Разум life

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 3, 2015 0
Разум life

Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті мен «Разум life» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

2013 жылы құрылған бірлестіктің негізгі мақсаты тұлғаның өмірге деген оң көзқарасын тудыру, студенттер арасындағы тығыз қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдық ортада белсенділік танытуды үйрету және қамқорлыққа тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатта студенттермен жұмыс атқару үшін «Разум life» пен журналистика факультеті арасында келісім орнатылып, болашақ әріптестік туралы шешім қабылданды.

Келісім мәселесі бойынша өткізілген іс-шараға журналистика факультетінің деканы С.Медеубекұлы мен ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Н.Шыңғысова қатысып, шараның өз деңгейінде өткізілуін қамтамасыз еткен болатын. Оған қоса,  осы шарттың аясында атқарылатын жұмыстарға  барынша қолдау көрсететінін, аталған бірлестіктің студенттердің тәжірибе алмасуына зор ықпал ететінін атап өтті.

Ендігі кезекте, «Разум life» қоғамдық бірлестігі  тренингтер мен түрлі сабақтардың өткізілу жоспарын ұсынып, факультеттің белсенді студенттеріне қызығушылық таныту үстінде.

СТУДЕНТТІК БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field