Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

1-курс таланттары, “Жалын” фестивалі – 2015

Шарипа Нуржанова Қараша 2, 2015 0
1-курс  таланттары, “Жалын” фестивалі – 2015

28 қараша күні ректор Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен  дәстүрлі түрде, 1-курс студенттері арасында өтетін «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өтті.

Студенттер он бес номинация  бойынша сынға түсті.  Фестивальдің бірінші кезеңіне 800-ден аса бірінші курс студенттері қатысып, екінші кезеңге жолдама алған 100-ге жуық студент бақтарын сынады.   Фестивальдің мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбей, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру.

“Жалын” фестивалі жастардың  шығармашылығын  дамытуға, өнерлерін  шыңдауға  үлкен мүмкіндік. Себебі, ҚазҰУ-да дарынды да  талантты  жастар жетерлік. Оқу ісі жөніндегі проректор  Ахмед-Заки жастарды марапаттап, “биылғы 1-курс  таланттары өте дарынды, талантты. Болашақта биік  шыңдардан көрініп, өнерлерің  өрге жүзсін!”6 – деп ақ  тілегін  білдірді.

“Көркемсөз оқу” және “Актерлік  шеберлік”  номинациясы  бойынша
1 орынға  ие  болған  журналистика  факультетінің  студенті Ахмет Жанерке:
“Бұл фестивальде бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға  алғысым  шексіз. Себебі, дайындық кезінде  мен шыңдалдым. ҚазҰУ – дарындыларды  даралайтын мекен”6 – деді.
Сонымен қатар, “Дәстүрлі  ән” номинациясы  бойынша  1 орынға  ие  болған  журналистика  факультетінің  студенті Әбішова  Айнұр да  бұл  байқаудан  алған  әсерін,  қуанышын  жасыра  алмады.

Бұл  фестиваль ҚазҰУ ғылым мен білімді, сонымен қатар өнерді  қатар ұстап келе жатқан дарынды студент-жастардың ортасы екенін тағы да дәлелдей түсті. Дәстүрге  айналған  бұл  фестиваль  әлі де  таланттыларды  анықтайды!

 

                                                                                           Сымбат Айдархан

                                                                                  Журналистика  факультетінің
1-курс студенті.

                                                                         Студенттік Баспасөз Орталығы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field