Бүлдіршіндердің өмірге деген құлшынысын, жігерлерін арттыру мақсатында физика-техникалық факультетінің “Көмек” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен SOS Алматы балалар қалашығының тәрбиеленушілері арасында “Алтын күз – 2015” байқауы өткізілді. Байқау барысында әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы құрылып, әсерлі ән шырқалып, мың бұралған би биленіп, кішкентай бүлдіршіндеріміз жыр шумақтарын оқыды.
SOS Алматы Балалар қалашығының ұлттық қорының директоры Үсенова А.К.: “Бүлдіршіндерге өте разы болып отырдым. Себебі, балалар өте жоғары деңгейде дайындалған. Талаптарына нұр жаусын!” -деп ақ тілегін білдірді.