Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ мен Малазия университеті магистранттарды бірлесіп оқытатын болды

Шарипа Нуржанова Маусым 3, 2015 0
ҚазҰУ мен Малазия университеті магистранттарды бірлесіп оқытатын болды

ҚР Ұлттық банкі мен Ислам банкінің бірлескен саммиты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак университеті (УНИРАЗАК, Малазия) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Магистратура бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау шешімі ағымдағы жылдың сәуір айында екі университет ректорының кездесуінде талқыланған болатын. Жаңа оқу жылынан бастап аталмыш бағдарлама студенттердің экономика, бухгалтерия, қаржы, бизнес, менеджмент және ислам ғылымы салаларында жүзеге асатын болады.
Келісімшартқа ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Дархан Ахмед-Зәки мен УНИРАЗАК университетінің проректоры Самсинар Бинти Сидин қол қойды. Меморандумға сәйкес, университеттер исламдық банкинг және қаржыландыру саласында қосдиплом магистрлік бағдарламасын ынтымақтастықта жүзеге асыратын болады.
«Елімізде исламдық банкинг және қаржыландыру секторы дамиды деп күтілуде. Бұл өз кезегінде сәйкес кадрлардың қажеттігін тудыратын болады. Сондықтан осы бағыттағы мамандықты игерген түлектерге сұраныс артпақ», – деді ҚазҰУ-дың оқу-ісі жөніндегі проректоры Дархан Ахмед-Зәки.
Оның айтуынша, бағдарлама ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектеп базасында жүзеге асырылады. Студенттер бірінші семестрді ҚазҰУ-да оқитын болса, малазиялық оқу орнында – екінші семестрді оқиды, ал үшінші семестрді қай жерде оқитындығын олар өздері таңдай алады. Сондай-ақ, білімгерлердің магистрлік диссертация дайындығымен Малазиядағы ислам банкінде іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар. Бағдарлама түлектеріне магистрлік дәреже екі университет тарапынан да берілетін болады.
Малазиялық университет проректоры Самсинар Бинти Сидин өз сөзінде: «Бірлескен оқу бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларға арналған және тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша түлектерді ислам банкингі мен қаржыландыруы нарығындағы басшылық қызметке жоғары деңгейде даярлауға бағытталған», – деді.
Баспасөз қызметі

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field