Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Бәйгеге қатысып, бағыңды сына!

Шарипа Нуржанова Мамыр 29, 2015 0
Бәйгеге қатысып, бағыңды сына!

   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, марқұм Бақтығұл Ойшыбаевтың 75 жасқа толуына байланысты жазушының ұрпақтары және «Жайық Пресс» медиахолдингі барша қаламгерлер арасында проза жанрында үздік шығармаларға және блогерлерді қолдау мақсатында әлеуметтік желі белсенділер үшін екі бөлек республикалық байқау жарияланғандығын хабарлайды.    

Проза жанры

 

  1. Бәйгенің мақсаты: Өнер өлкесіне қадам басқан жастардың тырнақалды туындыларымен оқырмандарды таныстыру.

  2. Бәйгенің шарттары: Бәйгеге бүгінгі қала мен ауыл тіршілігін суреттеген көркем әңгімелер ұсынылады. Сонымен қатар Бақтығұл Ойшыбаев сынды шындықты ту етіп, әлсіздерді қорғап, әділетсіздікке қарсы күрескен, қанша қысым көрсе де, алған бетінен қайтпаған қайсар тұлғалардың ғұмырын арқау еткен туындылар да қабылданады. Көркем шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс. Көлеміне шек қойылмайды.

  3. Бәйге жеңімпаздарын арнайы құрылған тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарға берілетін бәйге көлемі:

I орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге II орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге III орын – 100 000 (жүз мың) теңге Жеңімпаздарға Бақтығұл Ойшыбаев атындағы бәйгенің символдық белгісі бірге тапсырылады.

  1. Көркем шығармаларды тапсыру мерзімі: Әдеби шығармалар бәйге жарияланған күннен бастап 2015 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

  2. Қатысушылар:Бәйгеге жас ерекшелігіне қарамастан, еліміздің барлық азаматы қатыса алады.

   

Бабыңда бол, блогер!

   Мақсаты: — Өскелең ұрпақ бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді арттыру; -Бүгінгі бәсекеге қабілетті қоғамдағы ауыл тірлігін шынайы суреттеу; -Отанға, туған жерге адал қызмет етіп, әділдік пен шындықты қолдаған өр азаматтарды елге таныстыру.Ұйымдастыру жұмысы және марапаттау: I орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге II орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге III орын – 100 000 (жүз мың) теңге Жеңімпаздарға Бақтығұл Ойшыбаев атындағы бәйгенің символдық белгісі бірге тапсырылады. Байқауға блогерлердің авторлық жұмыстары қабылданады.   Жұмысты ұйымдастыру: Байқауға қатыстырылатын материалдарды жинау, талдау және шешім шығару жөніндегі жұмыс төмендегі жүйелерге жүктеледі:

  • эксперттік кеңес құрылтайшы тарапынан құрылып, жұмыстардың базасын жасақтайды, қордың ақпараттық желілеріне орналастыру жайында шешім қабылдайды, үздік материалдарды талдап, қазылар алқасының қарауына жібереді;

  • құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, журналистика саласының танымал өкілдері кіретін қазылар алқасы жұмыстарды қарап, байқау жеңімпаздарын анықтайды.

Байқау ережесімен www.zhaikpress.kz сайтынан таныса аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін «Жайық Пресс» ЖШС-на (Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1) келіп жолығуға немесе 8(7112) 51-25-81 телефонына хабарласуларыңыз сұралады.

Материалдарды zhaikpressaudan@mai.ru электронды поштасына немесе Facebook әлеуметтік желісінің «Б.Ойшыбаев. Блогерлер байқауы» парақшасына жолдауға болады. Бәйге қорытындысы 2015 жылғы 28 маусымда Баспасөз қызметкерлері күніне орай жарияланып, жеңімпаздардың жүлделерін жазушы Бақтығұл Ойшыбаевтың ұрпақтары табыс етеді.

www.zhaikpress.kz

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field