Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Ұрпағы ерген бар ма еді, ұл- қызда пәтер тар ма еді…»

Шарипа Нуржанова Мамыр 20, 2015 0

Қарттар үйінде болған сәттерден бір байлам немесе өкінішке толы ойдың орамдарынан…

«Текті атаның ұрпағымыз»- деп, мақтанатын еді кешегі келмеске кеткен қазақтың ұл- қыздары. Арлы ұл мен қыз ата қадірін, ана қасиетін білгендіктен солай деген екен. Содан болар, қазақтың қиыр даласында тастанды болған балалар және жасы ұлғайған демесеңіз, сол балалармен көңілі де, қажеттіліктері де бір қарияларымыз баспана еткен қарттар үйі болған емес, болмақ түгілі мұның не екенін білген де жоқ қаймана, қара шекпенді дала қазағы. Себебі жүрегі даласындай кең, ұрпағына берген тәрбиесінің құбыласы тең болған заман шығар. Бақ деген бір ақымақ құс, басқа да, тасқа да қонады. Бағымыз ауды десек барымыз баққа байлаулы емес болар, бәлкім «бабымыз» кетті деген дұрыс байлам ба?! Бұлай десек «баптаушымыз да», байқаушымыз да ата- анамыз екенін оқырман сіз бен біз жақсы білеміз. Сонда қисық өскен көшетті түземеген бағбан кінәлі ме, әлде түзу жерде қисық тамыр жайған жас көшеттің өзі кінәлі ме немесе соның бәріне биіктен қараған қарт, қария шынарларымыздан айып болды мекен? Бақшасының бабын білмеген бағбан, бауының жеміс беріп, талай рет төккен терінің ақталар сәтінде сорлайды. Қисық өскен ағаштың өзі дұрыстап жеміс бермейді, жеміс беруге қабілетті қатарластарына кедергі келтіреді. Табиғатта солай, ал адам сол табиғаттың төл баласы. Балалар үйі бір жыр, қарттар үйі мың жыр, ата күшін, ана сүтін ақтаудың орнына оларды тастап безбүйрек ұл мен қыз ортамызда жүр. Бастапқы мақсатым бір жақты кінәлі етіп шығару емес еді. Кінәні бір жақтан іздейміз, мұнымыз айып. Шындығында, қателік қос тараптан кетеді. Баласына «барын» бердім деп дұрыс бере алмаған ата мен ана, керегімді алдым деп «қажеттіні» сіңірмеген балада кінәлі болар. Кінәлері өз алдына, қоғамның дерті, көздің құрты болған «қарттар үйі» қазаққа жат еді, енді көзіміз үйреніп барады .Амалнешік.

Біздің «қазынамыз» қарттарымыз ғой, кешегі «Ауылыңда қарияң болса, жазып қойған хатпен тең» деген сөздің құны жойылған ба, қалай? Болашаққа берер хатымыз қандай болмақ, әлеуметтік желілердегідей басы бар, аяғы жоқ хаттар ма? Қарияның орыны «қарттар үйінде» емес, ғұмырының ғибратты жалғасы «қара шаңырақ» қасиетті «ордасы», немере иіскеп, шөбере сүйер ыстық ұяда. Осыны ұғынар сана, сезер жүрек, ардақты атасын, аяулы анасын іздер бала жоқ болғаны ма? Қазақтың: «Қанына тартпағанның, қары сынсын» деген сөзі рас болса, қанымызды біреу ауыстырып қоймаса…біздің қазақта болмаған дерт қой, «Ұрпағы ерген бар ма еді, ұл- қызда пәтер тар ма еді…Әлде бәрі де «патша» көңілге келіп тірелер ме?! Әлпештеген баласын сыйдырған көңілге, әке мен ана, ата мен әже сыймайтын заман…Зар заман емей немене…Әттең!»

                                                                                   Тойлыбай Қымбат.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field