Қазына іздеймін…
Шарипа Нуржанова
Мамыр 20, 2015
Әлемдегі ең баға жетпес қазына, әрине адам өмірі екені даусыз. Одан кейінгі қазынаның не екенін, әр адамның патша көңілі шешеді.
Мүмкін, біреулер үшін- ақша, алтын, не бір көздің жауын алар жауһарлар болуы әбден ықтимал. Ал, біздің қазақ халқының жоғалған қазынасы жөнінде сіз білуіңіз мүмкін ғой…
Ғаламаты шексіз, шекті ғаламның екі үлкен қазынасы болған дейді, көне ғасырлардың куәгері, қарт тарихқа жан біткен сәттегі үніне құлақ түрсек.
Бірі- Александрия, бірі қазақтың жерінде орын теуіп, опат болған Отырар кітапхансы. Иә, біз жоғалтқан қазына – кітапхана.Сіз күтпеген шығарсыз! Жоғалған қазынаның алғашқысы көне Александрия қаласында орын теуіп, екінші Птоламейдің басшылығымен ұйымдастырылған. Және сол заманның ғұламаларының біразы дерлік аталмыш кітапхананы басқарған деген деректер бар. Сонымен қатар, көне қазынаның қоры 500-700 мың дана болған әрі оның көшірмелерін жыл сайын жасап жаңартып отыратын,- деген жазбалар сақталып осы күнге жеткен. Баға жетпес қазынаның жоғалуына қатысты әрқалай пікірлер, ғылыми болжамдар айтылады. Дегенмен қазынаның дауы әлімсақтан басталғанымен әл бітер емес. Себебі, батыстың біраз бөлігі бұл үлкен қылмысты, ислам өркениетінің негізін қалаушы, Мұхаммед (с.ғ.с) сенімді серігі болып, халифат құрған Омар (р.а) дың бұйрығымен жасалды деп айтады. Атақты әмірдің: «Бүкіл ғылым «Құранда» айтылып қойған, қалғанының түкке де керегі жоқ» деп айтқан сөзі бар, ол дегеніміз қазынаны жойған Омар деп өз деректерін алға тартатын батыс ғалымдарының келтірген дәйегі расталмай отыр. Растауға да келмейді. Оның үстіне кітапхананың біраз бөлігін, даңқты Юри Цезарь патша Александрия қаласына кезекті шабулы кезінде өртеп жіберген. Бұл оқиғалардың барлығы, Ислам өркениеті негізін қаламай тұрып орын алған. Ендеше батыстың таққан ауыр айыбы, өз дәлелін таппайды.
Бірақ, мен іздеген қазына- бабамның қаны тамып, найзасының ұшы тірелген қазақ жерінде. Сонау ашкөз Шыңғыстың батысқа бастаған ұлы жорығының салдарынан жоғалған теңдесі жоқ қазына. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл Фараби, тағы басқа шығыстың сөнбес шамшырақтары білім нәрін алып, өздерінің өшпес ойларын түсірген «Отырар кітапханасы». Айлалы әскердің арбауына көнбей, алты ай арпалысты күн мен түнді өткеріп жатқан шақтарда, кітапхананың біраз бөлігін жер астына жасырып үлгерген деп айтып жатады. Ашығын айтқанда, аңызы мен ақиқатын әлі де болса айыралмай келеміз. Қатыгез Шыңғысхан әскері кітапхананы өртеп, жермен жексен етті дейтін болсақ, оны теріске шығаруға итермелейтін мынадай оқиға болған: «Осы опат болған көне Шаһар маңында бір аңшы түлкіні қуып келе жатқан сәтте, әлгі түлкі бір апанға зып беріп кіріп кетеді. Аңшы апанға жетіп қаза бастағанда, апанның үңгірге кірер қақпа, есік болғанын біледі. Өйткені, ол сол жерден көмілген көне жазбалар мен кітаптардың бір шетін көрген. Алайда аңшының қуып келген түлкісі басқа жағынан шығып қаша жөнеледі де, аңшы бөгеле алмай соңынан қуып кете барады. Кейіннен, аңшы болған оқиғаны айтқаныменен, көмбе сақталған жердің нақты орнын есіне түсіре алмапты. Өкінішті –ақ!
Аңшының мақсаты жоғалған қазынаны іздеу емес, сол сәттің қызығы болған «қызылды» қуу еді. Дүние дүрмектің қызығына ілесіп жүріп, нағыз асыл қазынадан айырылған болармыз, бәлкім… Бабаларымыз қаныны мен жанын салып, терін төгіп «теңдесі» жоқ кітаптарды үңгірге тасығанда, келер ұрпақ міндетті түрде осы бір қазынаны табады деп үміттенген шығар. «Қазақтың жернің үсіт де бай, асыты да бай» деп жатамыз, жердің үстіндегі байлық адам делік, астындағы байлық алтын ба?!
Әйтеуір, жердің бетіндегі байлықтың, жер астынан әзірге алып шыққаны материалдық жыртығымызды жамауға жетер, ал рухани мүгедектіңтің емі қайда? Жоғалған қазына табылар һәм табылмас, аңыз қайсы, шындық қайсы…ойға түстім арылмас. Түлкі қуған аңшы болдым, айтқандарым бірде жалған, бірде рас. Уақыт жүйрік төреші.
Тойлыбай Қымбат