Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ДарханМыңбайды ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің президенті болып сайлануымен құтықтаймыз!

Шарипа Нуржанова Мамыр 20, 2015 0

Дархан Мынбай

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің Президенті болып сайланды. Бұл туралы Халықаралық музей күні қарсаңында Астанада өткен «Музей және қоғамның тұрақты дамуы» атты республикалық конференцияда белгілі болды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

ИКОМ миссиясы

Халықаралық және Ұлттық ИКОМ комитеттерінің қызметтері

 Музейлердің Халықаралық кеңесі (ИКОМ) – ЮНЕСКО-мен тығыз байланыстағы үкіметтік емес ұйым. 1946 жылы бұл ұйым Парижде құрылған. 1946 ж. 1 қарашада Біріккен Ұлттар ұйымының қызметіне ғылымды енгізуге қол қойылды. Ресми түрде ИКОМ 1946 жылы 16-20 қарашада құрылды, оның бірінші хатшысы Чонси В. Гамлин болды. ИКОМ құрамында 1948 жылы 29 ел болса, 1950 жылы 43 ел кірген. Яғни музейлер кеңесіне енген елдер саны жылдар санап артып отырды. Құрылған күннен бастап Халықаралық музейлер Кеңесі өз қатарына мұражайшыларды тартуға тырысты.

50-ші жылдары демократиялану үрдісі, халықаралық туризмнің дамуы өрістеді. Осыған сай Қазақстан мұражайлары Халықаралық мұражайлар қауымдастығы жүйесіне тартылды, 1957 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесіне кірді. Қазақстан мұражайлары жақсы өзгерістер кезеңіне аяқ басты.

1977 ж. 18-29 мамырда өткен 11 Бас конференциясында 89 ел, 1500 қатысушы болған. Сол конференцияның резолюциясында 18 май халықаралық мұражай күні ретінде қабылданды. ҚР Ұлттық ИКОМ комитетінің мақсаты – әр түрлі елдердің музейлер мен музей қызметкерлері арасында қатынасты қолдау, музейлерге музей заттары мен коллекциясын дұрыс сақтауға көмектесу.

Қазіргі кезде Қазақстанда 200-ге жуық мұражайлар бар. Соңғы жылдары елімізде бірқатар мұражайлар ашылып, Халықаралық мұражайлар комитетінің талабына сай жұмыс істеуде.

.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field