Қазақстандық БАҚ үшін цифрлік қосымша әзірлеу жөніндегі байқау
Шарипа Нуржанова
Мамыр 19, 2015
________________________________________
Автор: Назгүл Қожабекова
Сорос-Қазақстан қорының Медиа бағдарламасы қазақстандық баспа және электрон БАҚ арасында iOS немесе Android жүйелері үшін, планшеттерге арналған қосымша әзірлеу жөнінде граннтық байқау жариялады.
Байқаудың басты шарты — жұмысқа кәсіби әзірлеуші компанияларды тарту. Грант тек цифрлік қосымша әзірлеуге ғана беріледі. Жобаның бюджеті 1 900 000 тенге теңгеден аспауы тиіс.
Байқауға қоғамдық-саяси және іскерлік журналистика бағытындағы аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады.
Байқаудың мақсаты:
• Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына аудиториясын кеңейту үшін цифрлік қосымшалар әзірлеуге мүмкіндік беру;
• Мультимедиалық жаңалық контентін ілгерілету мақсатымен баспа және электрон БАҚ арасында инновацияларды дамыту;
• Цифрлік технологиялар нарығындағы бұқаралық ақпарат құралдары тұрақты дамуының жаңа үлгілерін енгізу.
Жобаны бағалау шарттары:
• жобаның байқаудың мақсаттары мен басым жобаларына сәйкестігі;
• бұқаралық ақпарат құралының тұрақты кең оқырман/тыңдарман/көрермен аудиториясы болуы;
• идеяның инновациялығы: сапалы мультимедиалық контент әзірлеу және ілгерілету үшін цифрлік технологияларды қолдану;
• цифрлік қосымшаны әзірлеу жөніндегі жоғары функционалдық, баға және орындалу сапасы бойынша талаптарға сай келетін техникалық тапсырма болуы;
• өтінім берушінің жобаны жүзеге асыру үшін басқару әлеуеті және техникалық мүмкіндіктері болуы.
Өтінім беруші:
Өтінім үлгісін толтырып;
Техникалық тапсырма әзірлеуі тиіс.
Өтінім беру мерзімі:
2015 жылғы 1 маусымға (Астана уақытымен 17:00) дейін. Осы мерзімнен кеш келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 6 ай
Жалпы грант қоры – 5 700 000 теңге
Байқауға өтінім беру реті:
Байқауға келіп түскен өтінімдердің бәрін Сорос-Қазақстан қоры Медиа бағдарламасының Сарапшылар комитеті қарастырады. Сарапшлыр комитеті өтінім берушіден қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Өтінімдерді «Цифрлік қосымша-2015″ деген белгімен мына e-mail бойынша жолдау керек:
application@soros.kz жәнеsorosapplication@gmail.com.
Өтінім тіркелгеннен кейін өтінім берушіге растау хат жолданады.
Өтінім берушілер назарына:
Өтінімдер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Сороc-Қазақстан қоры қабылданбаған өтінімдер бойынша түсініктеме бермейді.
Қосымша ақпарат алу үшін Медиа бағдарламасының үйлестірушісі Дария Цыренжаповаға хабарласыңыздар: media@soros.kz немесе +7 (727) 250 38 11 (вн. 105).
http://newreporter.org/kz/2015/05/13/qazaqstandyq-baq-oshin-cifrlik-qosymsha-azirleu-zhonindegi-bajqau-2/