Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Алғашқы баспалдақ

Шарипа Нуржанова Сәуір 18, 2015 0

VI Республикалық “Болашақ баспагер, редактор, дизайнер” байқауын “баспагер боламын” деп талпынғандарға арналған алғашқы баспалдақ десе де болғандай. «Баспа ісі және дизайн» мамандығына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларының саны жылдан жылға өсіп келеді. Оны республикамыздың түкпір-түкпірінен байқауға ниет білдірген 138 баланың өтінішінен байқауға болады.
баспагер1Комиссия мүшелерінің тыңғылықты еңбегінің арқасында байқау ашық,әрі әділ өтіп, жеңімпаздар анықталды. Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы байқаудың сәтті өтуіне атсалысқан демеушілер мен облыстық білім басқармаларына, сондай-ақ әр ауданның білім бөлімі басшыларына алғыс айта отырып, шәкірттерді әкелген мектеп ұстаздарын жеке-жеке сахна төріне шақырып алғыс хатпен марапаттады.
баспагерЕң үздік шығармаларымен танылған Сұлтан Бибіжанға бас жүлдесі үшін “Атамұра” баспасының 150 000 теңгелік шәкіртақысы бұйырды. Ал, бірінші орын Нұрадинова Тұрғанайға “Арыс” баспасының шәкіртақысы 150 000 теңге, екінші орын бойынша Парзиева Мөлдірге “Көркем” баспасының 70 000 теңге көлеміндегі шәкіртақысы мен Васюренко Кириллге айтыскер ақын С.Қалиев тағайындаған 15 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық бұйырды.
Сондай-ақ, үшінші орынға Жеңіс Қыран, Рысқұл Сымбат, Құрманғали Шымболаттар ие болды.
Байқауда “Ең үздік редактор” номинациясы бойынша 1 орын – Акрамова Нәркес, 2 орын – Болыс Дидар, Бейсенбек Гүлман, 3 орын – Бекқалиев Еркебұлан, Жұматай Жұпар, Шустер Александр, “Ең үздік корректор” номинациясы бойынша 1 орын – Өміржан Айғаным, 2 орын- Зейтова Ақдана, Хурусова Айсалят, 3 орын – Марар Аида, Сейтбатқал Арлен, Баймолда Райхан, “Ең үздік дизайнер” номинациясы бойынша 1 орын – Адильбаев Ардақ, 2 орын- Әшірбек сымбат, Әпсімен Нұрдәулет, 3 орын- Жұмаханова Дана, Халық Айғаным, Сарсенбаева Перизат секілді әр облыстан келген оқушылар жеңімпаз атанып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жүздері бал-бұл жанған бұл жеңімпаздардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес! Болашақта “Баспа ісі” мамандығын таңдап, сүйікті қарашаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінен тәлім алуға бел байлаған оқушылар байқау үшін алғыстарын айтып, қуанышпен тарасты.

Нұрлыайым Данаева,
«Баспа ісі және дизайн» кафедрасының магистранты

Суреттерді түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field