Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Көрмеден табысты оралған ұстаз

Шарипа Нуржанова Сәуір 18, 2015 0

«Атакент» сауда-көрме орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстан баспагерлері, полиграфистері және кітаптаратушылар Ассоциациясы «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясымен бірлесіп «Ұлы Жібек Жолымен» VIII Халықаралық кітап және полиграфия көрме-жәрмеңкесі өтті.

Асембаева фонШарада көрме қонақтарына, қатысушыларға, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне, алдыңғы қатарлы баспалар мен кітапханаларға және т.б. «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» атты медальмен марапаттау рәсімі өтті. Осындай марапатқа университетіміздің аға оқытушысы Бақыт Оқанқызы Әсембаева ие болды.

Бақыт Әсембаева ұзақ жылдары бойы баспа ісі және дизайн кафедрасында аға оқытушылық қызмет істеп, сан мыңдаған жас түлекті, осы бір қыры мен сыры көп, қасиетті де, парасатты мамандыққа баулып, тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз. Қазіргі таңда баспа ісі және дизайн кафедрасын меңгерушісінің орынбасары қызметін өз деңгейінде біліктілігімен атқарып жүрген парасатты ұстаз.

Биылғы көрмеде ұлағатты ұстаздың еңбегі ақталып, тиісінше зор құрметпен, үздіктердің қатарынан көрініп, арнайы медальға ие болды. Шәкірттері, әріптестері, басшылық тарапы ұстазды осы қуанышымен құттықтайды!

 

Қоңыр МҰХАТАЕВА,

баспа ісі және дизайн кафедрасының доценті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field