Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Алтай Әбибуллаев ҚР СІМ-нің ресми өкілі болып тағайындалды

Шарипа Нуржанова Сәуір 7, 2015 0

елжаналыктары Астана. 6 сәуір. Baq.kz – Сыртқы істер министрлігінде жаңа тағайындаулар болды. Бұрын ҚР СІМ-нің ресми өкілі, одан кейін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі және Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған Алтай Әбибуллаев ҚР СІМ-нің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі және ресми өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы сыртқы саяси ведомствоның ресми твиттері хабарлады.

«Алтай Әбибуллаевтың @AltayOrtCom СІМ-ге жұмысқа ҚР СІМ-нің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі және ресми өкілі ретінде оралғаны туралы хабарлаймыз», – делінген ведомствоның твиттер-аккаунтында.
Алтай Әбибуллаев 1974 жылы дүниеге келген, Варшава университетінің журналистика және саясаттану факультетінің халықаралық қатынастар магистрі.

Сыртқы саясат жүйесінде 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді, Польша және Австиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі болып жұмыс жасады, сондай-ақ Венада халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде еңбек етті. Осы қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды.

bnews.kz

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field