2015 жылдың 10-сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Ұлы Жібек Жолы» көрмесінің аясында, «Қазақстан әлемдік баспа үдерісінде: өзекті мәселелер мен даму келешегі» тақырыбына халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияда Баспа ісінің өзекті мәселелері талқыланатын болады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына алыс және жақын шет елдер ғылыми қауымдастығы,өкілдері, сондай-ақ ЖОО оқытушылары мен магистранттары, докторанттары қатысады. Баяндамалар мен хабарламалар төмендегі секцияларда талқыланады:
1 – секция: «Өркениет сабақтастығы: Жібек жолы және қазіргі заман»;
2 – секция: «Қазақстан баспа бизнесі мен полиграфиясының даму бағыттары мен новациялары»;
3 – секция: «Кітап шығару мен таратудың негізгі мәселелері»;
4 – секция: «Жастарды кітапқа баулудағы алғышарттар».
Конференцияның нәтижесі бойынша материалдар жинағы басылып шығады. Мақалалар тегін жарияланады.
Баяндама мен хабарламалар мәтіндерін мына адреске: e-mail: akmoldir@list.ru немесе 8 (727) 3773331 (қосымша 1348) тел. хабарласыңыздар.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
А4 форматында компьютерде терілген мақала көлеміне шек қойылмайды. Беттің өлшемі: жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 20 мм. Шрифт өлшемі – 14. Times New Roman, KZ Times New Roman. Жоларалық интервал – 1. Оң жақ жоғарғы бұрышқа автордың тегі мен аты жазылады, төменірек келесі жолда ғылыми дәрежесі мен атағы; оның астына ұйымның аббревиатурасы мен қала, ал төменірек, бір жолдан кейін бас әріптермен, майлы шрифтпен ортаға түзелген күйінде мақаланың аты жазылады; төменірек бір жолдан кейін – мәтін. Мәтін түзетілуге жатпайды және түпнұсқа болып есептелінеді.
Құрметті әріптестер!
Бұл конференция еліміздің баспа ісі мен полиграфиясының ақпараттық кеңістігінің көкейтесті мәселелеріне арналған қорытынды сипаттағы ғылыми-теориялық және тәжірибелік шара болып табылады. Қалыс қалмай, қатысуларыңызды өтінеміз.
Ұйымдастырушы: Баспа ісі және дизайн кафедрасы