Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Абайдың мерейтойында шығыс жұрты 170 шақырымды жаяу жүріп шығады

Шарипа Нуржанова Наурыз 18, 2015 0

 – Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойында Семей мен Жидебай арасында жаяулар марафоны ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталығы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы міндетін атқарушы Руслан Қайырсыновқа сілтеме жасап.

“Мерейтойды тойлау шеңберінде 3-9 тамыз аралығында Семей – Жидебай бағыты бойынша “Абай Құнанбайұлына 170 жыл – 170 шақырым” атты жаяулар марафонын өткізу жоспарланып отыр. Семейден Жидебайға дейінгі жолдың тура 170 шақырымға тең болуының символдық мәні бар. Марафон кезінде елді мекендерде, жол бойындағы кемпингтерде ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады”, – деді Руслан Қайырсынов.

Еске салайық, ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 170 жылдығы 2015 жылдың 3-9 тамызы аралығында Шығыс Қазақстанның Абай ауданында тойланады. “Абай тойы – халық тойы” атты негізгі іс-шара аясында “Қазақта Абай дара, Абай дана” облыстық ақындар мүшайрасы, “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…” республикалық айтыс, сахналандырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, концерттер өткізіледі. Мерейтой шеңберінде қазірдің өзінде 20-дан астам шара ұйымдастырылды.

tengrinews.kz

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field