Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Өнердің аламаны бізде…

Шарипа Нуржанова Наурыз 17, 2015 0

Әйел-ана қауымы қашаннан сұлулықтың символына айналған, «әйел –ана» тақырыбы ақындардың музасына мұрындық болған. Мәңгілік таусылмас жыр- қазына – «аналар –асыл жандарға» арналған мереке жақындап қалды. Бұл – ер-азаматтардың аналарын, жұбайларын, қыздарын, апа-қарындастарын құттықтайтын, гүл сыйлайтын күні. Осы күнге орай ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мейрамына арналған «Азаматтар аламаны» атты ер оқытушылар арасында өнер сайысы өтті. Мерекелік шараның өтуіне ұйытқы болған доцент Клара Қабылғазина мен кештің жүргізушісі Бауыржан Әлқожа сайысты әр номинация бойынша бөліп, марапаттар ұйымдастырды. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Көктеммен бірге құлпырған, факультеттің нәзік жандылары түгелдей дерлік қатысты. Екі сағатқа жуық болған көңілді кеш соңында қазылар алқасы әр номинация бойынша үздік шыққандарды алғыс хатпен марапаттады. Ән номинациясы бойынша кең даусымен жұртты тәнті еткен аға оқытушы Құдиярбек Ағыбаев марапатталса, би өнерін ортаға салған ұстазымыз Қосылған Әбжановүздік биші номинациясы бойынша марапатталды. Факультет деканы Сағатбек Медеубек арулар, аналар мерекесінде бейтарап қалмады. Поэзия мен әнді ұштастырып, аз минуттар ішінде қазақтың әсем ою-өрнегін қағаздан ойды. Аға оқытушы Серікбай Бейсенбек қарама-қарсы отырған оқытушы Ризагүл Бакенованың портретін салып шықты. Білекті де жүректі ағайларымыз Әмір Молдабеков пен Серік Жұмабекұлы күш сынасып, мықтылығын дәлелдеді. Әр үйдің бір-бір шырағы болған апайлардың жүздері шаттыққа бөленіп, мерейі көтеріліп қалды. Бұл мерекелік басқосудан студенттер де қалыс қалмады. Өнерлі жастар, бірінші курс магистранты Амангелді Сейтхан мен екінші курс студенті Тұрсынбаев Айтбектің айтысы тартысты өтті. Аналар мерекесімен құттықтаған қос ақынға ұстаздары риза болысты. Айтбек ақын «100 бал қойған мұғалімдер 100 жасасын, одан төмен қойғандар 99 жасасын» деген әзіл де болса ақ тілегі айтылған сөздерімен отырғандардың қошаметіне ие болды. Жақын аралықта «Қазақстан дауысы» республикалық жобасының финалисі атанған бірінші курс магистранты Ерман Бердалы екінші курс студенті гитарист Еркін Жанғабыловпен бірге аналарға арнап «Аңыз ару» әнін тарту етті. Мерекелік іс-шара көңілден шықты. Сабаққа келгенде қатал да талапшыл ағайларымыздың «сегіз қырын, бір сырын» таныдық. Аруларға арналған мерекелік тарту сайыс ретінде өткен соң аса қызықты болды. «Азаматтар аламаны» деген атауына сай аламан болды. Керемет кештің басты себепкерлері, нәзік жанды факультет оқытушылары ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын жеткізді. Қазылар алқасының мүшесі: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Шыңғысова, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Г. Сұлтанбаева, Баспа ісі және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Б. Омарова және деканат маманы
А. Белғараева аламан бәйгенің қатысушыларын әділ бағалады.

Мөнкебаева Айжан,
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және
қоғаммен байланыс     кафедрасының студенті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field