2015 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «PR мектебі» үйірмесінің ұйымдастыруымен факультеттің Баспасөз Орталығында Алматы қаласы Әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Қайнарұлы Олжаймен кездесу болды.
Осы басқосуда Баспасөз қызметі, оның ішінде мемлекеттік ұйымдардағы қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз бөлімінің жұмысы жайында әңгіме қозғалды. Студенттер сұрақ қойды. Айбар Қайнарұлы небәрі бір сағаттың ішінде көптеген сұрақтардың жауап беріпте үлгерді. Кездесу барысында Айбар Қайнарұлы журналистика факультетінде оқыған кездері өткізген қызықты сәттерімен де бөлісті. Өз ісінің хас шебері екенін студенттердің қойған сұрақтары арқылы байқалды. Уақыттың тығыздығына қарамай өзі оқыған шаңыраққа кегеніне студенттерде дән ризашылығын білдірді.Бұл кездесуден кейін студенттердің баспасөз қызметінің жұмысының күнделікті қызметі жайында, мемлекеттік қызмет деген не екеніне толықтай мәліметтер алып, болашақ мамандар баспасөз қызметіне деген қызығушылығы арта түсті.
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика
және қоғаммен байланыс кафедрасының
1- курс студенті Шуинов Аазамат