Хабарландыру
2015 жылдың 27 ақпаны күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «PR мектебі» үйірмесінің ұйымдастыруымен факультеттің Баспасөз Орталығында Алматы қаласы Әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Қайнарұлы Олжаймен кездесу болады. Осы басқосуда Баспасөз қызметі, оның ішінде мемлекеттік ұйымдардағы қызметі және бұқаралық ақпарат құралдармен баспасөз бөлімінің жұмысы жайында әңгіме қозғалмақ. Келем деушілерге есік ашық.
Ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушылары Ш.С.Нұржанова, А.А.Сәдуақасов
Журналистика факультеті, 201 аудитория, баспасөз орталығы, басталу уақыты 27.02.2015 жылы, сағат 16.00